Super User

Super User

Сауран: мал шаруашылығын дамыту – аудан экономикасының тірегі

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласының, әсіресе, мал бордақылау бағытындағы жобалардың маңыздылығына тоқталып, мемлекет тарапынан қолдаулар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттігін айтты.

Сауран ауданы: Үшқайықта балық шаруашылығы дамып келеді

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, жаңадан ашылып жатқан кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған бұл жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етпек.

Сауранда аудан және қала әкімдері өндірістік аймақтарды аралап, танысты

Бүгін Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас және Төлеби, Бәйдібек аудандарының әкімдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері Сауран ауданына арнайы іс-сапармен келді. Басты мақсаты – өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тәжірибелерімен танысу, индустриялық жобалардың жүзеге асу барысын көзбен көру, нысандарды аралап, тәжірибе алмасу.

Мәжіліс депутаты Саурандағы жоғары технологиялық кәсіпорындармен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Рахымұлы Балабиев Сауран ауданына арнайы іс-сапармен келіп, Шаға ауылдық округінде орналасқан және өңірдегі маңызды инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркін аралады.

Осы RSS каналға жазылу