Шымкент: "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы өтті
Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.