Super User

Super User

Түркістан қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды

Түркістан қалалық мәслихатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен кезекті отыз бірінші сессия отырысы өтті. Сессия отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралып, қала дамуына қатысты есептер тыңдалды. Жиынды Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев төрағалық жасап, жүргізді.

Түркістан қаласы: заң талабына сай қойылған сыртқы жарнама – тұтынушы құқығын сыйлаудың көрінісі

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Талғат Төлегеновтің төрағалығымен қала аумағындағы рұқсатсыз және ретсіз орналастырылған сыртқы жарнамаларды ретке келтіру бойынша мәжіліс өтті. Жалпы, сыртқы жарнамалардың заң талабына сай орналастырылуы – тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың, сыйлаудың бір түрі ретінде есептеледі. Жергілікті халықтың түсінуіне қиын, тіл заңдылығы сақталмаған, бейберекет орналастырылған жарнамалар тұтынушы құқын бұзып қана қоймай, қала келбетіне де кері әсерін тигізері анық.

Түркістан қаласы: жол-көлік инфрақұрылымы – экономиканың қозғаушы күші

Түркістан қаласының жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда қала аумағында 845 шақырым жол мен 875 көше бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жолдардың 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Түркістан: қала экономикасының дамуы мен бюджет кірісінің артуына септігі тиетін құрылыс жобаларының жайы талқыланды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Байдулла Оразбеков, сондай-ақ Түркістан қаласы мен облысының жауапты басқарма, бөлім басшылары, сәулетшілер, жобалаушы ұйымдар мен инвесторлар қатысты.

Осы RSS каналға жазылу