Түркістан облысы: Түлкібаста «Шұбайқызыл алауы-2026» фестивалі ұйымдастырылды
Ұлы Жібек жолының бойында, Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсында орналасқан Түлкібас төрінде қазақ даласының жауһары – Шұбайқызыл қызғалдағына арналған «Шұбайқызыл алауы-2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл тағылымы мол шараның басты мақсаты – табиғаттың ғажайып сыйын дәріптеп қана қоймай, оны көздің қарашығындай сақтауға үндеу болды.