Super User

Super User

Мақтаарал ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердің инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңғыртылу үстінде

Мақтаарал ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдық аумақтарды дамыту бағытында соңғы алты жылда ауқымды жұмыстар атқарылып, елді мекендердің инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңғыртылды. 2019-2025 жылдар аралығында ауданға миллиардтаған теңге инвестиция тартылып, жолдар жөнделіп, білім, мәдениет және спорт нысандары жаңартылды. Бұл жұмыстар ауылдардың келбетін түбегейлі өзгертіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді.

Түркістан облысы: кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыға түсті

Түркістан облысында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары және өзге де өзекті мәселелер талқыланған арнайы штаб отырысы өтті. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, жүргізіп отырды. Отырыс барысында жауапты сала өкілдері баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы есеп берді.

Түркістанда экстремизмнің алдын алуға арналған семинар-тренинг өтті

Түркістан қаласында дін саласы қызметкерлері, дінтанушы және теолог мамандар, сондай-ақ білім беру саласының психологтары мен қала-аудандардағы жауапты мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп» атты семинар-тренинг өтті. Семинардың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және М.Нәрікбаев атындағы университеттің «Ислам және қазақ құқығы орталығының» басшысы Асқар Сабдин сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері даму үстінде

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын іске асырып жатқан инвесторлармен кездесіп, жобалардың орындалу барысын және алдағы жоспарларды талқылады.

Осы RSS каналға жазылу