Super User

Super User

Отырардағы мақта зауыты жұмысшыларының құқығы мен сапалы еңбек етуі – тұрақты бақылауда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінде» алқалы кеңес өтті. Жиынның мақсаты – қолданыстағы заң талаптарының, сондай-ақ, өндірісте техникалық және өрт қауіпсіздіктерінің сақталуын, әлеуметтік-еңбек қатынастарының жағдайын саралау, еңбек жағдайын талдап, жұмыс күшін бақылау.

Түркістан облысында қуаты 300 МВт ірі күн электр станциясы салынуда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Sauran Solar Power» ЖШС басқарма төрағасы Шао Юэбомен кездесіп, Сауран ауданында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасының іске асырылу барысын талқылады. Ауқымды инвестициялық жоба аясында тараптар құрылыс жұмыстарының кезеңдері, іске асыру мерзімдері және туындаған өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алмасты.

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері даму үстінде

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров таяуда «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын іске асырып жатқан инвесторлармен кездесіп, жобалардың орындалу барысын және алдағы жоспарларды талқылады.

Түркістанда ұлттық кітап күніне орай мәдени шара өтті

Түркістандағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлттық кітап күніне орай «Артық білім кітапта…» атты мәдени-танымдық шара өтті. Кеш Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған. Жиынның ашылу салтанатына ҚР Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы, ақын Айдар Бастарбекұлы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Рысбек Ермекұлы қатысып, рухани мерекемен құттықтады.

Осы RSS каналға жазылу