Super User

Super User

Шымкентте зейнеткерлерге шипажайда сауықтыру емін алуға 6 мыңнан астам жолдама берілді

Шымкент қаласында зейнет жасындағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау және денсаулығын нығайту мақсатында түрлі әлеуметтік қолдау шаралары іске асырылуда. Қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес, жыл сайын зейнеткерлерге арналған 5 000 шипажайға жолдама қарастырылған. Сонымен бірге, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына тиесілі, 70 орындық «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешені іске қосылғаннан кейін жылына қосымша 2 000 зейнеткерді сауықтыру мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, қалада жыл сайын 7 000 ардагер мен зейнеткерге шипажайда ем алу мүмкіндігі жасалуда.

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында төрт шипажаймен келісім-шарт жасалды: Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі», Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» және Шымкент қаласындағы «Денсаулық» шипажайлары. Жыл басынан бері осы шипажайларға 6 220 жолдама беріліп, оның ішінде «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде 1 655 зейнеткер сауықтыру емін қабылдады.

Жолдама алу процесі жеңілдетілген: кезекке тұру geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Азаматтар порталға тіркеліп, үйден шықпай-ақ өз кезегін ЖСН нөмірі мен тегін енгізу арқылы бақылауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, 1 935 ардагер «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттері және «Ардақты ардагер» басылымына тегін жазылу мүмкіндігіне ие болды.

Қалада бүгінгі таңда 94 664 зейнеткер тіркелген, оның ішінде 2-і – Ұлы Отан соғысы ардагері, 1 687-сі – тыл еңбеккері. Сондай-ақ 66 264 көп балалы ана мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 13 589 ана бар.

Шымкент: Бір күнде үш гүлзар ел игілігіне берілді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында 3 демалыс орны тұрғындар игілігіне берілді. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысандардың ашылу рәсіміне қатысып, тұрғындармен жүздесті.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясындағы жаңа мектептерде білім беру процесі басталып кетті

Елімізде пайдалануға берілгеніне 50-70 жылдан асқан 500-ден астам мектеп бар. Әрине, олардың бәрін ауыстыру керек. Сонымен қатар үш ауысымды және апатты жағдайда жұмыс істеп тұрған мектептер бар. Қазір ел бойынша 148 мектеп үш ауысымда бала оқытып жатыр. Бұл бала туу көрсеткішінің артуымен байланысты. Яғни бала туу оң динамиканы көрсетіп отыр. Былтыр ел аумағында 247 мектеп салынып, 135 мың оқушы орны пайда болды.

Осы RSS каналға жазылу