Super User

Super User

Шымкеттік жас суретшілер қалалық байқауда бақ сынауда

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Адалдық – адамдық белгісі» атты қалалық сурет байқауы өтуде. Онда қаладағы колледж шәкірттері, мектеп оқушылары, жалпы  92 жас бағын сынап жатыр. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қолдауымен, «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және жастардың бойында адалдықты көтермелеу, дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылығын дамытуды мақсат еткен.

Іс-шараның ашылу рәсімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Үсіпахметов жастарға сәттілік тілеп, сайыс жастардың бойында отансүйгіштікті қалыптастыруға өз септігін тигізетінін атап өтті. 

Қалалық сурет байқауы 1 кезеңде және 2 топтық жас ерекшелікпен өтеді. Бірінші топ –14 пен 16 жас, екінші топ – 17 мен 21 жас аралығы. Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы шығармалардың тақырыптарының ашылуына, түстер үйлесіміне, композициясына баса  назар аударады. Қатысушылар 90 минут ішінде тақырыпқа сай сурет салады.

Қалалық сурет байқауына қатысуға жалпы 13 мекемеден 127 өтінім келіп түскен. Байқаудың жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен, қала әкімінің дипломымен марапатталады. «Ең үздік авторлық шығарма», «Ең жас суретші» иегерлері де анықталмақ.

Польшалық инвесторлар құны 200 млн АҚШ долларын құрайтын жылыжай салуға ниетті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Fabe Polska» поляк компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында Шымкентте аумағы 150 гектарды құрайтын жоғары технологиялы жылыжай салу туралы меморандумға қол қойылды. Ауқымды жобаның жалпы құны 120 миллион АҚШ доллары. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жылына 36 мың тонна қызанақ пен қияр өндіріп, 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 

Өндірілген өнім жергілікті нарыққа және шетелге экспортталады. Қала әкімі инвесторларға мұндай жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты. «Инвестициялық климатты қолайлы ету – қаланың дамуының маңызды бағыттарының бірі. Біз мұндай жобаларға әрқашан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Себебі, бұл қаланың ғана емес, тұтас елдің дамуына оң ықпал етеді», - деді Ғ.Әбдімәжитұлы.

Аталған жобаның іске қосылуы тек қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып қана қоймай, жылыжай бизнесінің дамуына, жаңа технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша серпін беретінін атап өткен жөн. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының мегаполисте инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ауқымды инвестициялық жоба іске қосылды. Сауда-логистикалық орталықтың аумағында сусындар шығаратын "Coca-Cola Kazakhstan" зауыты ашылды. "Шымкент сити" шағын ауданында әйгілі "Hilton" халықаралық қонақ үй желісінің қонақ үйінің құрылысы орнында капсула салынған. Шымкентте жалпы ауданы 650 гектар болатын Орталық Азиядағы ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Құны 650 млн долларды құрайтын жобаны түрік инвесторы – Alarko Holding компаниясы жүзеге асыруда. 

Шымкентте қар тазалау жұмыстарына 189 арнайы техника жұмылдырылады

Шымкентте қысқы маусымға 189 арнайы техника дайындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34-ке артық. 2023 жылы қар тазалау жұмыстарына 155 техника тартылған болатын. Сонымен қатар, орталық көшелерді тазалауға мердігер ұйымдардың 2000-ға жуық қызметкерлері атсалысады.

Осы RSS каналға жазылу