Super User

Super User

Шымкент: Әл-Фараби ауданында "Таза Қазақстан" науқаны жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы туралы айтқан болатын. Акцияның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады», деді Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында.

Шымкент: Мәдениет басқармасы есеп берді

Бүгін Түркістан сарайында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді   дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев 10 айдағы мәдениет саласын дамыту қорытындылары туралы есебімен таныстырды. 

Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. 

Алқа отырысында ағымдағы жылдың қорытындысы және алдағы уақытта қойған міндеттері талқыланды.

Басқарма басшысы қаладағы рухани-мәдени өмірдің жаңалықтарымен бөлісті.

Жыл басынан бері   басқарманың  мемлекеттік және кәсіби мерекелік күндер мен атаулы даталар бойынша өткізілген іс-шаралар барысын кеңінен баяндады.Сонымен бірге мәдениет нысандарын қалпына келтіру жұмыстары бойынша баяндап өтті.

 – Мәдениет объектілерін қалпына келтіру бойынша 2024 жылға 15 мәдениет  объектілерін  жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» және «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі»   ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары мен  жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді,-деді Бауыржан Орынтаев.

Жиын барысында   мәдениет басқармасының жұмыстарын саралай келе оған қатысты сындар айтылды. Осыған орай, жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек  сындардан қорытынды шығару үшін  бірнеше тапсырмалар берді.

 

Шымкентте биылғы жылдың 9 айында тұтынушыларға 198,5 млн тенге қайтарылды

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылдың 9 айында айтарлықтай жұмыс атқарды. Осы кезеңде департамент 3908 өтінішті қарады, оның ішінде 3274 өтініш қанағаттандырылып, жалпы сомасы 198,5 млн теңге тұтынушыларға қайтарылған.

Шымкент: Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды

Шымкент қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы шараға арнайы қатысып, жергілікті тұрғындармен бірге газды іске қосу шарасына қатысты.

Осы RSS каналға жазылу