Түркістан: аппарат мәжілісінде өңірдегі туризм саласын дамыту мәселері талқыға түсті

Түркістан облысына келуге қызығушылық танытатындар қатары күн санап артып келеді. Түркі әлемінің туристік астанасы атанған киелі өңірде соған сай туристік жобалар қолға алынбақ. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде осы және басқа да туристік қызметтер талқыланды.

Түркістан облысы: RC Сola сусындары Түлкібаста шығарылатын болады

Әлемнің сүйікті алкогольсіз сусыны Түркістан облысында да шығарылады. Түлкібас ауданындағы RC Сola атауымен алуан түрлі ауыз су және хош иісі бар сусындар шығаратын «Beibarys Bottlers» ЖШС-і биыл іске қосылады деп жоспарлануда.

Түлкібас ауданына туризмді дамыту мақсатында бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылмақ

Түркістан облысында әр ауданның өз брендін қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Түлкібас ауданында қарқынды бау көлемін көбейтуге ерекше мән берілуде. Аудандағы алма баулардың көлемі 3 мың гектарды құраса, соның 700 гектардан астамы – қарқынды бау. Биыл ауданда тағы 55 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілген қарқынды алма бауы егілді. Бағбандармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданындағы Шақпақ ауылдық округінде «Кен-Тау» ЖШС қарқынды алма бауында болды.

Венгриялық инвесторлар Түркістан облысында құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр

Венгриялық «UBM GROUP» компаниясы Түркістан облысында құрама жем зауытын салу бойынша таяуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, арнайы келіссөз жүргізген еді. Нәтижесінде Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы коммерциялық атташе Ковач Иштван Тибор және «UBM GROUP» компаниясының бас директорының кеңесшісі Доктор Золтан Питер Винм аудандарды аралап, зауыт салуға қолайлы өңірлерді қарастырды.

Түркістан облысы: «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол жүк ағыны болашақта 20-25 млн тоннаға дейін артуы мүмкін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысын жүргізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізді.

Түркістан облысы: соңғы бір айда 4 индустриалды аймақ құрылды

Түркістан өңірінде соңғы бір айдың ішінде Қазығұрт, Сауран, Сарыағаш және Келес ауданында 570 гектарға қосымша 4 индустриалды аймақ құрылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиын барысында индустриалды аймақтарды жобалармен толықтыру жайы талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға бұл бағыттағы күшейтуді тапсырды.

Ордабасы ауданы: шағын кәсіп иелеріне жер берілмек

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Бірқатар ұсыныс пікірлерін тыңдап, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға арналған бағдарлама жобаларының барысын түсіндірді.