Сауран ауданында шағын өндірістік алаңдар құрылып, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынылуда
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлермен арнайы кездесу өткізіп, аудан көлемінде бой көтеріп жатқан өндірістік алаңдардың жобаларымен таныстырды. Жиын барысында әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылып жатқан қолдаулар мен артықшылықтар кеңінен түсіндірілді.