Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайту Үкіметтің стратегиялық міндеті екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында:
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді» – деп атап өтілді.
«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.
Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қатар дамытып келеді. Соңғы жылдары мұнда агроөнеркәсіп кешенін қайта өңдеуге басымдық беріліп, жаңа өндірістік қуаттар іске қосылуда.
Елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдау мен импортты алмастыру жұмыстары қарқын алып жатыр. Шымкент қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бастамасымен өткен дөңгелек үстелде бүгін осы бағыттағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар талқыланды. Бұған дейін мұндай кездесу елордада ұйымдастырылған еді.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен салықтық түсімдерге қатысты арнайы жиын өтті. Жиынға Түркістан қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ш.Жаңбырбаев, білім бөлімінің басшысы Б.Төлімбет, қалалық полиция басқармасының өкілдері, бөлім басшылары, сондай-ақ мониторинг және жедел әрекет ету орталығының өкілдері қатысты.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында тағы бір маңызды қадам жасалды. Ордабасы ауданы, Қарақұм ауылында орналасқан «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны базасында суару жүйелеріне арналған параболалық бетон лотоктар шығаратын өндіріс іске қосылды.