ҚР ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Жетісай және Мақтаарал аудандарында болды
Таяуда ҚР премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы Жетісай және Мақтаарал аудандарына жұмыс сапарымен келіп кетті. Ол алдымен Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол» шаруа қожалығында болып, мақта теру жұмыстарымен танысты. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев министрге өңірдегі ауыл шаруашылы саласындағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті.