Түркістан: биыл жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған қадам. Осыған орай Түркістан облысындағы шағын өндірістік паркте «Жұмысшы мамандықтар шеруі» атты ауқымды іс-шара өтті.