Ордабасы ауданы: ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында аудандағы ауылшаруашылығы саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Ордабасы ауданы: «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасында параболалық лоток өндірілетін болады

Ордабасы ауданындағы Қарақұм елдімекенінде жалпы 2 гектар аумақта орналасқан «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің өндірістік-техникалық базасы мекеме техникаларына қызмет көрсетіп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі таңда «Тұран су» мекемесінің теңгерімінде 81 арнайы техника бар.

Сауран ауданы: сапалы өндіріс – серіктестікке серпін

Сауран ауданына іссапармен келген Түркия Республикасының делегациясы өңірдегі өндірістік нысандармен танысу аясында «EDEM MEBEL» және «ТАК мебель» жиһаз цехтарына арнайы барды. Бұл кәсіпорындар аймақтағы өнеркәсіптік дамудың маңызды бөлігі болып табылады.

Сауран ауданының индустриялық әлеуеті түркі әлемі делегациясына таныстырылды

Сауран ауданына келген Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясы ресми кездесуден кейін ауданның өндірістік әлеуетімен танысты. Делегация үшін арнайы ұйымдастырылған сапар барысында қонақтар индустриялық аймаққабарып, өңірдегі маңызды инвестициялық жобалармен жақын танысты.

Түркістан қаласы: салық түсімдерін арттыру мәселесі қаралды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте 2025 жылға арналған бюджет кірістерін ұлғайту және шығыстарын қысқарту, сондай-ақ салық түсімдерінің жоспарын орындау мәселелері қаралды.

Сауран ауданы: ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі өңірлік инвестициялық жобалармен танысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Сауран ауданында орналасқан және өңірдегі маңызды инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркін аралап көрді.

Түркістан қаласының әкімі түркиялық инвесторлармен келіссөз жүргізді

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркияның «Ruyada Development» компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, логистика, медицина, өңдеу өнеркәсібі, жасыл экономика және цифрлы қала салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында пікір алмасты. Екі ел арасында бауырлас қалалар орнату мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілді.

Ордабасы ауданында ивестиция тарту, өнеркәсіп саласын күшейту бағытындағы қадамдар нақты нәтиже беруде

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясындағы аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі жиындары бүгін Бадам және Бөржар ауыл округтерінде өтті.