Сауран ауданында 5000 бас ірі қара мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде

Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауылдық округінде 20 гектар аумақта ірі қара мал бордақылау алаңының құрылысы бастау алды. Таяуда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құрылыс алаңына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Ескі Иқанда мал шаруашылығын дамытуға тың қадамдар жасалуда

Ескі Иқан ауылдық округінде «Мал бордақылау және малшы үйі» құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 20 гектар жер телімі белгіленіп, ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл бастама ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған.

Сауран ауданының әкімі бірнеше ауылдық округтегі өндірістік аймақтарда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде 10 гектар аумақта бой көтеріп жатқан өндірістік аймақтың құрылысы қарқынды түрде жалғасуда. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАРМЕН СУАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков Өзбекстан Республикасынан келген «Samarkand irrigation system» ЖШС директоры Санжар Абиловпен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар Түркістан өңірінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады. Инвесторлар Сауран ауданындағы шағын өндірістік паркінде жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін кәсіпорын ашуға ниетті.

Сауран ауданының әкімі өндірістік аймақтың құрылыс барысын бақылады

Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінде бой көтеріп жатқан өндірістік аймақтың құрылысы қарқынды жүруде. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров осы өндіріс аумағына арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Ордабасылық кәсіпкер қайтарымсыз грант алып, кәсіп бастады

Ордабасы ауданында кәсіпкерлер қатары күн санап артуда. Солардың бірі – Ықыластемір ауылының тұрғыны, көп балалы ана Гүлдәурен Қалдыбаева. Ол мемлекеттік қайтарымсыз грантты тиімді пайдаланып, құс шаруашылығын қолға алған шағын кәсіпкер.

Сауран ауданы: өндірістік алаңдардағы инвестициялық жобалардың орындалуы қаралды

Сауран ауданы әкімдігінің кезекті апталық мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіне үш негізгі мәселе енгізіліп, тиісті сала басшылары баяндама жасады.

Ордабасы ауданында қуаттылығы жылына 2 млн тонналық мұнай өңдеу зауыты салынуда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына іс-сапары барысында мұнай өңдеу зауытында болып, жұмысымен танысты. Ауданда өндірісті дамытуға күш салынған. Өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруді тапсырды.