Дархан Сатыбалды: «Агроөнеркәсіптік кешенде өңіраралық кооперацияны дамытудың жоғары әлеуеті бар»

Түркістан облысына Чехия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборный және Чехия Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Павол Шепеляк бастаған бизнес өкілдері ресми сапармен келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды чехиялық делегация жетекшілерімен кездесіп, екіжақты байланыстарды нығайту мәселесін талқылады. Инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, бизнес саласында байланыстарды тереңдету бойынша келіссөздер жүргізді.

Ордабасы ауданы: жаңбырлатып суғару жүйесі 500 га астам алқапқа ендірілген

Ордабасы ауданында есептік кездесу өткізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы проблемаларды тұрғындармен ақылдасып, бірлесе шешу үшін ауылдарды аралады. Халықты толғандырған мәселелерді заң аясында шешу жолдарын түсіндіріп, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Түркістан: «Майлыкент-сүт» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында топ жарды

Түркістан қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Көрмеге азық-түлік, машина жасау, химия, қолөнершілер, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының 80-нен астам тауар өндірушілері қатысты. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту, халық арасында сапа идеясын насихаттау мақсатындағы көрме-байқауға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір тауарөндірушілерінің жұмысын жоғары бағалады.

Түркістан: Қытайға іссапар нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша инвесторлар тартуға қол жеткізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы мамыр айында Қытайдың Сиань қаласындағы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, қытайлық іскерлік орта өкілдерін серіктестікті нығайтуға шақырып, өзара, оның ішінде өңіраралық ынтымақтастықты түрлі деңгейде жандандыру қажет екенін атап өткен болатын.

Отырар ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысатындардың қатары көбейіп келеді

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласы дамып келеді. Мұнда ауыл шаруашылығының ішінде әсіресе асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытып отырған шаруалардың қатары көбейіп келеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жасаған сапары барысында 4 мың мал басы бар «Сызған» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кәсіпкер Гуливер тұқымды қошқарлар сатып алып, қой тұқымын асылдандыруда.

«Turkestan Agro.kz» компаниясы Арыс қаласында 50 мың ірі-қараны бордақылауға арналған алаң ашуды жоспарлап отыр

Түркістан облысы Арыс қаласының ауыл шаруашылығы саласында биыл жоба құны 8 млрд. теңгені құрайтын «TURKESTAN AGRO.KZ» компаниясы 50 мың ірі қара малды бордақылау үшін алаң ашуды жоспарлап отыр.

Арыстық кәсіпкер 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Өңір басшысы Арыс қаласында инвестиция тарту бағытында атқарылған ілкімді тірліктерге тоқталды.