Сауран ауданында ауыл шарушылығы мақсатында аз пайызбен несие алып, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың саны артып келеді

Сауран ауданы құрылғалы бері әлеуметтік-экономикалық даму үстінде. Бірқатар маңызды шаралар қабылданды. Бірақ, біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерде жоқ емес. Көнені қайта жаңғырту, тұрғындар талабын орындау, ауылдарды көркейту басты назарда. 

Қытайлық кәсіпкерлер Жетісай ауданынан шитті мақтаны сатып алуға келісім берді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесті. Әкім халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Жетісай ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрғындардың қатары көбеюде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Жетісай тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Кәсіп ашып, табыстарын арттыруға кеңес берді.

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҮНДІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Тантипамула Венката Нагендра Прасад және Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Котаваде Свапнил Шарадпен кездесті.
Жиында қала басшысы екіжақты байланыс орнатуға дайын екенін білдірді.
– Қош келдіңіздер! Сіздермен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз! Біздің қала – елімізде үшінші мегаполис. 2200 жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Біздің мақсатымыз – қаланың көркін арттырып, бәсекелестігі жоғары қалаға айналдыру. Осы бағытта бүгінде көгалдандыру мен цифрландыруға күш салып отырмыз. Бұл ретте инвестиция тарту – маңызды бағыттың бірі. Сондықтан сіздермен әріптестік байланыс орнатуға дайын екенімізді жеткізгіміз келеді, – деді қала басшысы.
Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Нагендра Прасад екі ел арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталды.
– Үндістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас ұзақ уақыттан бері жалғасып келеді. Бірақ бұл байланыс мұнаймен ғана шектеліп тұр. Яғни, сауда-саттық, фармацевтикалық және технология саласында әріптестік байланыс кемшін. Осы тараптарды дамытуымыз керек. Мен Шымкент қаласына алғаш келіп отырмын. Кеше қаланы аралап, келбетіне тамсандым. Туризм саласын дамытуға таптырмайтын өңір екеніне көз жеткіздім. Сол себепті сіздерге «Ақылды қала» жобасын әкелдім, – деді Нагендра Прасад.
Сондай-ақ елші: «Шымкент қаласында 2 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр. Бұл көрсеткішті кеше студенттермен кездесу барысында білдім. Олар мұнда өте бақытты. Жайлы әрі қауіпсіз қала екенін жеткізді. Медицина саласын оқығаннан бөлек, қазақ тілін үйреніп, сіздердің мәдениеттеріңізбен танысып жатыр», – деп ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, Нагендра Прасад мырза Шымкент қаласымен бауырлас қала орнатқысы келетіндіктерін аңғартты.
Қала әкімі «Ақылды қала» жобасы қызықтыратынын айтып, бауырластық қала орнатуға дайын екенін жеткізді.

 

Саурандық шаруалар биыл 44080 гектар жерді игерген

Сауран аграрлы аудан. Жері құнарлы, диқандары еңбекқор. Жер ананы емген диқандар үшін биылғы жыл несібесіз емес. Саурандық еңбекқор диқандар да бұйырған өнімін жинап, шығынын өтеп отыр. Аудандағы ауыл шаруашылығы саласында ілкімді тірлік бар.

Түркістан: 4 млн-ға жуық мал басын бүрку және 100 мың ш.м жуық қора жайлар мен жапсарлас аумақты залалсыздандыру жоспарланған

Түркістан облысында ветеринариялық іс-шаралардың өткізілу барысы мен саладағы өзекті мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық отырысында жан-жақты талқыланды. Ветеринария басқармасы өткен жылдың желтоқсан айында құрылған болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ветеринария саласы реформалауды қажет ететінін айта келе бұл саладағы жұмыс барысын сынға алды.