Түркістан: Сайрам ауданында жыл басынан бері 41,5 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

Түркістан облысының Сайрам ауданында 64 миллиард теңгеге 19 жобаны іске асырып, 614 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі — өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар. Биыл 6 айда 6,8 миллиард теңгеге 5 жоба іске қосылып, 155 жұмыс орны ашылды.

Күнбағыс майын шығаратын цех пен газоблок зауыты, алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт пен жылыжай құрылысы жүзеге асты. Тағы құны 4 миллиард теңгеге 9 жобаны іске қосу жоспарда тұр. Қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланған. Атап айтқанда, сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын ашып, 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр. «Nurym Grоup» компаниясы құрама жем өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2,5 миллиард теңгені құрайды.

Сайрам ауданының шаруалары мал шаруашылығы өнімдерімен тек облысты емес, еліміздің басқа өңірлерін, шекаралас мемлекеттерді қамтып отыр. Ауыл шаруашылығында жыл басынан 41,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өнім көлемі былтыр 124 миллиард теңгеге жетті. Бұл облыстағы аудандардың арасында ең үлкен көрсеткіш болып табылады.

Биыл 6 айда егін шаруашылығында 1,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. 53 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 69 гектарда жылыжайлар орналасқан, 625 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендірілген, 529 гектарға қарқынды бау егілген. Жыл басынан бері мал шаруашылығында 40 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырмен салыстырғанда өсім 4,7 пайызды құрады.

Ауданда 1 мыңнан астам мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақылануда. Тәулігіне 3 мыңға жуық мал сойылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен Қарабұлақ ауылында орналасқан мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары тексерілді. Құрылған жұмысшы топ малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолын кесті. Нәтижесінде 11 мал сою орнының санитарлық талаптарды сақтамаған үшуі жабылды, қалған 8 бекеттің басшыларына мал сою алаңдарын ретке келтіруге 1 ай уақыт берілді.

— Шілде айында Қарабұлақ ауылында жергілікті кәсіпкерлермен кездестім. Мал сою орындарының жұмысын ретке келтіруді, мал қалдықтарын өңдейтін зауыт салуды ұсынған болатынмын. Сайрам ауданының кәсіпкерлерін кейін Түркістанда қабылдап, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдадым. Мысалы, 25 гектар жерге мал бордақылау кешені, мал сою алаңы, етті терең өңдейтін цех құрылысы мен қанды өңдеу кәсіпорынның құрылысы басталады. «Nurym Group» компаниясы жобаны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Жобаның құны 3,6 миллиард теңге. 70 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сондай жобалардың бірі, жеке кәсіпкер, Убаев Жахангир жылына 2 мың тонна қалдықтарды өңдеуге мүмкіндігі бар жобаны іске асыруды қолға алып отыр (құны 1 миллиард теңге). Яғни, ауыл шаруашылығы жануарларын сою кезінде қалған қосалқы өнімдерін қайта өңдеуден өткізеді (сүйек, қан, ішек қарын). Осындай жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, жаңа бизнесті ашуға көмектесетін боламыз. Жалпы, жергілікті әкімдерге қоятын басты талаптардың бірі – жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын құру, — деген-ді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға инвестиция тартып, 2025 жылға дейін өнім көлемін 1,5 есеге арттыру жоспарланып отыр. Сайрам ауданында ішкі өнім көлемі былтыр 242 миллиард теңгеге жетсе, биыл 6 айда 89 миллиард теңгені құрады. Былтыр 15 миллиард теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, соңғы 5 жылда 5 миллиард теңгеге өскен. Биыл 6 айда құрылыс көлемі 6,5 миллиард теңгені құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 5 жылда 21 мыңнан асты. 29 мың адам жұмыспен қамтылып, 85 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. 2023 жылғы өзіндік кірістер жоспары 10 миллиард теңгені құрады. Былтыр негізгі капиталға 39,5 миллиард теңге инвестиция бағытталса, 6 айда ауданға 22,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. Өнеркәсіп саласында жыл басынан 21,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде 17 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Ауданда ағын су мәселесі өзекті. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 105 миллион теңге қаралып, 7 каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттама әзірленуде (Аламан, Төменгі Аққала, Бауарық, Әсіл, Теспе, Сай, Жоғарғы Аққала). Сондай-ақ Ақбай-Қарасу каналының күрделі жөндеуіне биыл 131 миллион теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары басталған. Президент тапсырмасымен облыста бастау алған «Ауыл аманаты» жобасымен мал шаруашылығында 89 жоба бойынша құжаттары мақұлданған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін және көкөніс сақтайтын қойма «Бірлік-4» ЖШС жұмыстары туралы да тілге тиек етсек. Елімізде «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Ұлттық жоба Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Нақтырақ айтқанда, отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту деген сөз. Азаматтардың өмір сүру сапасы олардың табысы көбейген кезде ғана жақсарады. Бұл болашақтың, елдіктің ұлттық жобасы. Осы бағытта Сайрам ауданында 2023 жылдың қыркүйек айында жеміс-көкөністі өңдеу зауыт іске қосылады. Өндіріс орнында Түркиядан заманауи құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылуда. Зауыт басшысы қайта өңдеу зауытын кеңейту мақсатында төмен пайызбен ұзақ мерзімге несие, 5 миллиард теңге қаражат алуды жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асса, қосымша 500-600 жұмыс орны ашылады.

Зауытта ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын сыйымдылығы 16 мың тонна 5 қойма бар. Аталған зауыт кәсіпкердің жеке және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырған.

 «АРТ Boilers» компаниясы хақында айтсақ. Түркістан облысы бойынша жоғары технологияларын қолдана отырып, жылыту қазандықтарын өндіретін жалғыз өндіріс орны жылына 400 бірлік қазандық өндіруге қуатты. Жылыту қазандықтары Түркістан облысында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысында сұранысқа ие. «ART Вoilers» сауда маркасымен газды, сұйық және қатты отынға арналған жылыту қазандықтарын заманауи неміс технологияларын қолдана отырып, шығаруды жолға қойған.

Биыл жыл басынан бергі облыс әкімінің есептік кездесуінде көтерілген мәселелердің бірқатары шешімін тапқан. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру үшін қосымша уақыт талап етеді. Тұрғындардың ұсыныс-тілектерінің ішінде ауылдардағы ішкі көшелерге асфальт төселді. Жол белгілері орнатылды. Қарасу ауылындағы Жаңақұрылыс аумағына инфрақұрылым жүргізуге биыл бюджеттен 965 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Жібек жолы ауылындағы су жүйесін күрделі жөндеуге биыл 100 млн.теңге қаржы бөлінді.

Электр тапшылығын шешу үшін Ақсукент ауылынан Қосалқы станциясының құрылысын қаржыландыру мәселесін шешу үшін министрліктермен тиісті жұмыстар атқарылуда. Қарабұлақ ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысына (9,3 миллиард теңге) жобалық құжаттама дайындалды. «Қарасу-Қызылту-Сайрам» жолын жөндеуге (1,2 миллиард теңге) жобалау сметалық құжаттама дайындалып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Сиқым ауылындағы мектепті күрделі жөндеуге жобалық құжаттама дайындалуда.

Жалпы, Сайрам ауданы — Түркістан облысындағы ең ірі аудандардың бірі болып саналады. Аудан орталығы — Ақсукент. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы: 1,1 мың шаршы шақырым (облыстың 0,9%). Тұрғын саны 231,914 мың адам (2023 жылғы статистика).

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Дархан Сатыбалды: «Диқандарға қолдау көрсеткен жөн»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына іссапары барысында құрылысында кедергілерге тап болған әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап шықты. Облыс басшысы Ж.Ералиев ауылдық округі, Дихан елді мекеніндегі құрылысы тоқтап қалған К-30 каналының жағдайымен танысып, жауаптылармен өзекті мәселелерін талқылады.

Түркістан: биыл Шардарада 60 мың гектар жерге дәнді дақыл егілген

Түркістан облысындағы барлық аудан, қалалардың өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары қаралатын жаңа форматтағы кездесулер Шардара ауданында өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен актив отырысында ауданның қордаланған проблемалары ортаға салынды. Бұл жиналыс бойынша қорытынды шығарылып, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылады.

Түркістан облысы: Шардарада жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды

Жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу жобасы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен қолға алынды. Өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласына жұмыс сапарында жергілікті инвесторлармен кездескен өңір басшысы бірқатар жаңа жоба ұсынған болатын. Соның бірі – Шардара ауданындағы индустриалды аймақта салынатын Крахмал өңдеу зауыты. Жүгері дақылын терең өңдейтін зауытта 500 - ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 20 КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын жалпы құны 1,8 трлн теңгені құрайтын 275 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Бұл жобалардың орындалуы жаңадан 32 мыңнан астам жұмыс орындары ашуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев мәлімдеді.

–Биыл құны 128 млрд. теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 108 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда аталған жобалардың ішінде жалпы құны 40 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 1 183 жаңа жұмыс орны пайда болды. Қала экономикасына инвестиция тарту кезінде, әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласына ерекше назар аударып отырмыз. Бұл секторда 2027 жылға дейін жалпы құны 401,5 млрд теңгені құрайтын 103 инвестициялық жоба іске асады. Аталған кәсіпорындарда 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Соның ішінде биыл жалпы құны 14,4 млрд теңгеге 14 инвестициялық жобаны іске асырып, 605 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланды. Қазірдің өзінде өңдеу өнеркәсібі саласында 3 инвестициялық жоба іске асырылып үлгерді, – дейді Біржан Қанатұлы.

Биыл іске асырылған жобалардың арасында «Shymkent Temir» ЖШС-інің болат блюм өндірісін кеңейту жобасы назар аударуға тұрарлық. Компания өндірістік қуатты арттыру үшін 5 млрд. теңге инвестиця салды. Нәтижесінде 250 жұмыс орны құрылған. Ал, «NURTAU DISTRIBUTION COMPANY» ЖШС-і дымқыл майлықтар, сұйық және қатты сабын шығаратын зауыт ашты. Зауытты салуға, оның ішкі инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге және өндірістік қондырғыларды орнатуға 4,9 млрд. теңге инвестиция құйылған. Бұған дейін мұндай өнімдер негізінен шет мемлекеттерден импортталып келген болса, ендігі жерде 40 адам жұмыс істейтін жаңа зауыт жергілікті нарықты дымқыл майлықтар, сұйық және қатты сабынмен қамтамасыз ете бастады.

Сонымен қатар биыл «Unitex VOSTOK» компаниясы 350 млн. теңге инвестиция сала отырып, жиһаз фабрикасын ашса, ал, «ЭКО-ФАРМ» ЖШС-і медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын, оның ішінде әртүрлі модификациядағы бір реттік маскаларды, қорғаныс киімдерін, обаға қарсы жиынтықтарды шығаратын зауыт салды. Бұл кәсіпорынды ашуға компания 555 млн. теңге инвестиция салған. Жаңадан ашылған зауытта қазір 40 адам еңбек етіп жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Шымкент қаласына 434,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін қала экономикасына 721,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Демек, бұл көрсеткіш те 2022 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артады деген сөз.

Түркістан: ортақ жайылым жерлерді қайтару жұмыстары пысықталды

Елді мекендердегі жергілікті халықтың шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылын жою – басты назарда. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығынмен өткен апталық аппарат жиынында талқыланды. Облыс басшысы берілген тапсырманы өз деңгейінде орындамаған аудан, қала әкімдерін сынға алды.

Сауран ауданы: сыйымдылығы 3,25 млн текше метр болатын су қоймасы салынады

«Қарашық елді мекенінің жоғары жағынан Оранғай ауылдық округінде орналасқан «Қосқорған» су қоймасы арықылы Қарашық өзінен ағын су келеді. Аталған су қойма — «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің теңгерімінде. Көктем мезгілінде «Қосқорған» су қоймасында су көлемі толық жинақталған жағдайда ағын су үздіксіз беріледі. Алайда, ағымдағы жылы жауын-шашын, қардың аз болуына орай жаз мезгілінде өзен арнасында ағын су мөлшері азаюуы ықтимал.

Түркістан облысында тартылған инвестиция көлемі 5 жылда 3 есеге артқан

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Өңірді дамыту үшін инвестиция тарту және жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық берілгенін атап өтті.