Түркістан облысы: мақта шаруашылығындағы 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Астанада өткен баспасөз брифингінде мақта шаруашылығын дамыту, мақташылар жыл сайын тап болатын мәселелері жөнінде баяндады. Өңір басшысы аймақта мақта кластерін дамыту бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде бірінші орында тұр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артып келеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Облыста мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. Ірі қара мал етінің үлесі – 85%, ұсақ мал 60% құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілді.

Түркістан: облыс әкімі «Ауыл аманаты» жобасын жандандыру керектігін айтты

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мақұлданған жобалар көрсеткіші бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр.

Түркістан: туризмді дамыту жолдары талқыланды

Түркістан облысына келушілер мен туристер санында оң динамика байқалып отыр. 2022 жылы өңірімізге 470 мыңнан астам турист келген. Орналастыру орындары – 253,4 мың, шипажайлар – 142,4 мың, табиғи аумақтар – 74,9 мың туристі қабылдаған. Оған қоса 1,2 миллионнан астам зияратшы мен қонақ келген.

Түркістан облысы: Шардара ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамуда

Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 154 кәсіпкерлік субъектісі айналысады.

Түркістан: 2025-2026 жылдары облыста тауарлы балық өндіру көлемі 30 мың тоннадан асады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, өңірде «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген болатын. Жоспарға сай, биыл өңірде I тоқсанның қорытындысы бойынша 2559 тонна өндірілді. Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Жоспарға сай, биыл облыста 6640 тонна балық өсірілуі қажет. Тауарлы балық өндіру бойынша Түркістан облысы республика көлемінде көш басында.

Түркістан: Қытайға іссапар нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша инвесторлар тартуға қол жеткізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы мамыр айында Қытайдың Сиань қаласындағы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, қытайлық іскерлік орта өкілдерін серіктестікті нығайтуға шақырып, өзара, оның ішінде өңіраралық ынтымақтастықты түрлі деңгейде жандандыру қажет екенін атап өткен болатын.