ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСКЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛІП ЖАТЫР

Соңғы жылдары цифрлы трансформация дәуірі қарқынды дамып келеді. Көптеген ұйымдар бүгінде дәстүрлі бизнес үлгілерінің өзгеруін бастан өткеріп, цифрлы технологиялар көмегімен бәсекеге қабілетті болуға талпынуда. Мамандар өңдеу өнеркәсібін толық автоматтандыруға арналған заманауи технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданатын озық цифрлы инновациялық шешімдерді қолдану арқылы өндірістегі табысты арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік мол екенін айтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Менің цифрландыру ісіне және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән беретінімді баршаңыз білесіздер.Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру» деген болатын.

Осы орайда Шымкент қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріске цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-і, «Химфарм» АҚ-ы, «Шымкентцемент» АҚ-ы, «Зерде-Керамика» ЖШС-і, «Бал Текстиль» ЖШС-і, «Karlskrona LC AB» ЖШС-і секілді компаниялар қазірдің өзінде өндіріске цифрлық технологияларды енгізген. Ал, цифрлық технологиялар енгізу үшін жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың қатарында «Рахат-Шымкент», «Барыс 2007», «Шымкентмай», «Гауһар» тігін фабрикасы», «Шымкентдорстрой» ӨК», «Shymkent Temir», «Кazmedpribor holding», «Аsia trafo» секілді компаниялар бар.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласында өнеркәсіп секторында 907 кәсіпорын белсенді түрде жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 23 ірі кәсіпорын, 44 орта кәсіпорын және 840 шағын кәсіпорын бар. Биылғы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 672,3 миллиард теңгені құраған. Алдын ала болжамдарға сәйкес, биылғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 850 миллиард теңгеге жетуі ықтимал.

 

Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі соңғы 3 жылда 1,5 есеге өскен

Түркістан облысында тағы бір жер дауы шешілді. Қазығұрт ауданы, «Қарабау» шаруашылығына берілген 4,4 мың гектар егістік жер телімі ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. Оның 3 мың 900 гектары 7 өндірістік кооперативке конкурс арқылы берілді. Осылайша, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан Қарабау ауыл округіндегі жер бөлу мәселесін шешуге қатысты көмек сұраған тұрғындар мәселесі шешімін тапты. Облыс әкімінің Қазығұрт ауданындағы халықпен кездесуіне келген тұрғындар бірнеше жылға созылған жер дауына нүкте қойған әкімге алғыс айтты.

Қазығұрт ауданындағы 150 гектар суармалы жерде бірнеше алма сорттары өсірілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданының кәсіпкерлерімен кездесті. Жергілікті әкімдерге қоятын басты талаптардың бірі жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын құру екенін айтқан облыс басшысы өңір кәсіпкерлеріне қолдау күшейтілетінін айтты.

Төлеби ауданындағы балық шаруашылығының тоғандарында 20 мыңнан астам балық өсірілуде

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды халықпен кездесуден соң, Төлеби ауданындағы ауыл-аймақты аралап, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Көксәйек елді мекенінің тұрғындарымен жүздескен аймақ басшысы, көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

ШЫМКЕНТТЕ 20 ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА 1183 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Тұрманов Ермек Полатұлының қатысуымен басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.

«2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 434,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9%-ды құрады. Жыл соңына дейін 721,7 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда», - деді спикер.

Қала экономикасын көтеруде инвестицияның үлесі зор. Шымкентте биыл құны 128 млрд. теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 3108 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталған жобалардың ішінде жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба 1183 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.

Олар: «Shymkent Temir» ЖШС – болат блюм өндірісін кеңейту, «NURTAU DISTRIBUTION COMPANY» ЖШС – азық-түлік емес өнімдер, дымқыл майлықтар, сұйық және қатты сабын шығаратын зауыт, «Unitex VOSTOK» ЖШС – жиһаз фабрикасын салу, «ЭКО-ФАРМ» ЖШС - медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары, оның ішінде әртүрлі модификациядағы бір реттік маскаларды, қорғаныс киімдерін, обаға қарсы жиынтықтарды шығаратын зауыт салу, «BI Group» – Тұмар тұрғын үй кешенінің құрылысы, «OKS-Shymcity» ЖШС – «Prime Park» тұрғын үй кешені, А.Байтурсынов мектебі ЖШС – мектеп құрылысы, «Diamond Hotel» қонақ үй құрылысы, Tauke Khan Plaza» - қонақ үй құрылысы, «Хили Пропертиз» «Double Tree by Hilton Shymkent» (Канвас) ЖШС - қонақ үйді қайта құру, Достық арнайы Транс қонақ үй атауы 7Jol - қонақ үй құрылысы, «Боржоми» - қонақ үй құрылысы, «Керемет» қонақ үй құрылысы, «Cosmopolitan Hotel» қонақ үй құрылысы, «Оңтүстік АГРО ЛТД» ЖШС - сүтті қайта өңдеу, «Шымкент сүт» ӘКҚ - сүт-тауар фермасы, «Нурсултан» ЖК - сүтті қайта өңдеу, «Шадимат» ШҚ – бордақылау 500 бас ІҚМ алаңы, «Райым ата» ШҚ – сүт-тауар фермасы, «Эгамназаров» ЖК – сүт-тауар фермасы.

ШЫМКЕНТТІК ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ҚОСАТЫН ҮЛЕСІ ЖОҒАРЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов баспасөз конференцияда айтты.

«Шымкентте жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Онда 358 млрд. теңге сомасына 337 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңда 216 млрд. теңгені құрайтын 273 жоба 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны нақты жұмыс істеуде» - деді Е.Полатұлы.

Бүгінде «Жұлдыз» индустриалды аймағында инвестициялық құны 167 млрд. теңге құрайтын, 4762 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 51 жоба іске асырылуда. Жалпы алаңы 306 гектарды құрайды.

Аталған аймақта жалпы құны 51,2 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба құрылыс жұмыстарын бастады. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 1,5 млрд. теңге құрайтын, 125 жаңа жұмыс орындарымен 2 жобаны іске қосу көзделуде.

Аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 65 пайызға аяқталды.

Ал, «Бозарық» индустриалды аймағының жалпы аумағы 132 гектарды құрайды. Аймақта 49,6 млрд. теңгеге 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 25 жобалар пулы әзірленді. Қазіргі таңда, 6 жобаға жер телімін рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде.

Индустриялық аймақтың негізгі мақсаты – тамақ өнеркәсібіндегі терең өңдейтін импорт алмастыратын жобаларды қолдау. Аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 30 пайызға аяқталды.

Мегаполистің экономикасын көтеретін тағы бір маңызды аймақ – сауда-логистикалық орталығы. Бұл аймақ 136 гектарға кеңейтілді.

Бүгінгі таңда аймақтың инженерлік-инфрақұрылдық желілерін жүргізу бойынша техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған аймақта жалпы құны 24,9 млрд. теңгені құрайтын 23 жобаның пулы жасақталды.

Сонымен қатар «Standard» жеке индустриялық аймағының жалпы аумағы 118 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда аталған аймақтың 1-кезеңінің (12 га, 27 132 ш.м.) құрылыс жұмыстары 20 пайызы аяқталды. Онда шағын және орта бизнес өкілдері үшін жалға берілетін 25 өндірістік саябақ орналастырылатын болады.

Сондай-ақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 175 гектарға дейін кеңейтілетін болады. Аталған аймақта 40 жобаны іске асыру көзделуде.

 

Төлеби ауданында шаруалар «Ауыл аманаты» жобасы арқылы табыс таба бастаған

«Ауыл аманаты» жобасы Түркістан облысында өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсете бастады. Ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып не дамытуды қолға алған. Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, табысын молайтуға негізделген «Ауыл аманаты» жобасы аясында Түркістан облысында 3 220 жоба қаржыландырылады. 3500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Отырар ауданы: Қарғалы ауыл округінде мал қыстатуға қажетті 18 900 тн жем-шөп дайындалған

Отырар аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде Қоғам, Қарғалы ауыл округі әкімдерінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебі және Түркістан облыстық мәслихатының 10.07.2023 жылғы №4/42-ҮІІІ шешімінің негізінде жүргізілетін өзгерістер жобасы талқыланды.