Түркістан: туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында электрокар жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшеюде

Түркістан қаласындағы Мәдени-рухани орталық аумағында туристерге сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында электрокар жүргізушілерінің қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді.

Шымкентте жыл соңына дейін бірқатар ірі спорттық жарыстар өтеді

Қалада соңғы жылдары халықаралық бәсекелер, Азия және әлем чемпионаттары жоғары деңгейде өтуде. Жаңа атшабар, жеңіл атлетика манежі, спорт мектептерінің базаларында қала тұрғындары мен қонақтары қанды қыздырар бәсекелерді тамашалады. Бұқаралық спортты дамытуда бірқатар жұмыстар жүзеге асты.

Түркістан: Шардарадағы жағажайда қауіпсіздік пен тазалық жұмыстары күшейтілді

Шардара – тек экономикалық емес, туристік әлеуеті жоғары аудан. Сондықтан мұндағы әрбір нысан мен табиғи аймақты тәртіпке келтіру – ортақ міндет. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аймаққа арнайы барып, Шардара жағажайы маңында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.

Түркістан: Ордабасы ауданында коммуналдық салаға жаңа техникалар тапсырылды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында арнайы бөлінген қаржының есебінен сатып алынған 4 коммуналдық техника "Темірлан абаттандыру" мекемесіне тапсырылды.

Нұралхан Көшеров Түркиялық инвестормен зауыт ашу мәселесін пысықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров түркиялық инвестормен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында Түркістан өңірінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту жолдары талқыланды.