Түркістанда "Серпін" бағдарлмасы бойынша құжат қабылдау басталды

Түркістан облысының жастарына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 13-20 шілде күндері аралығында өтеді. Бұл жайында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің PhD докторы Айдос Абаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Шымкент: Сенат депутаты мәдениет және өнер саласы өкілдерімен тілдесті

«Шымкенттің бренді-өнерлі адамдар!» Осылай деген Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова өңірге сапары аясында мәдениет майталмандарымен жүздесіп, олардың жағдайымен танысты. Кездесу барысында өткір-өткір мәселелер қаузалып, жиналғандардың көкейінде жүрген сұрақтары тыңдалды.

Түркістан: 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 млн. доза вакцина егілді

Түркістан облысында 2025 жылға аса қауіпті аурулардың профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, 10 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Биылғы 6 айда төрт түлік пен үй жануарларына 9,9 млн. доза вакцина егіліп, жоспар 83%-ға орындалды.

Түркістан облысында футболдан турнир басталды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақта футболды дамыту, жаңа жоспар әзірлеп, ел ішінен талантты жастарды іріктеуді тапсырған болатын. Осыған орай өңірде әуесқой командалар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды.

Түркістан обылысныда келуші шетелдік туристер саны 2 есеге артты

Түркістан облысындағы негізгі бағыттардың бірі – туризм. Аймаққа келушілер саны жылдан-жылға артып келеді. Биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген.

Түркістан: Облыс әкімінің орынбасары түркиялық инвестормен кездесті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков түркиялық инвестормен іскерлік кездесу өткізді. Маңызды жүздесуде қос тарап өкілдері өңірдің өндіріс саласына тоқталып, аймақта құрылатын кәсіпорынның жаңа мүмкіндіктері мен құрылыс жұмыстары туралы пікірлесті.

Түркістан обылысындағы тігін цехында жылына 250 мыңға жуық арнайы жұмыс киімі тігіледі

Төлеби ауданындағы тігін цехы жылына 250 мыңға тарта арнайы жұмыс формасын тігуге қауқарлы. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жергілікті кәсіпкерлік нысандарының бірі тігін цехын аралап, жұмыс жүйесімен танысты. Мұнда тұрғындарды жұмыспен қамту, отандық өнім өндіру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Шағын және орта бизнес нысандары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні анық.