Шымкентте 1 млрд теңгеден аса алимент өндірілген

Шымкент қаласында 531 борышкер алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, 212 адам қамауға алыныпты.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова айтты. 

Шымкентте мәслихаттың жылдық қорытынды сессиясы өтті

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Бұл жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы бойынша есеп беріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.

Шымкентте психоәлеуметтік қолдау "науқастар мектебі" ашылды

Емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі - психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкагольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады.

Шымкентте 23 мыңнан аса итке эвтаназия жасалған

Шымкентте жыл басынан бері 23 676 ит, 4010 мысық ауланып, ізгілік тәсілмен жансыздандырылған. Эвтаназия жасауға жіберілетін жануарларда үлгілік қағидаға сәйкес айықпайтын ауру немесе агрессия белгілері болуы керек. Жауапты мамандардың сөзінше, қазір қаңғыбас жануарларды аулау үлкен мәселеге айналған.

Сауран ауданы: жасөспірімдер арасында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған кездесу ұйымдастырылды

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ағымдағы жылдың 10 қазан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарын жүзеге асыру бойынша «Жасөспірімдер арасында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.Әсілбек және Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы Е.Тұрсынбай ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кездесу кеші өтті.

Азия чемпионы Махмұд Сабырхан елге оралды

Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама 9 алтын, 5 күміс және 6 қола медальдарын еншілеп, командалық есепте көш бастады. Тарихи жеңіске үлес қосып, алтыннан алқа тағынғандардың бірі, жерлесіміз – Махмұд Сабырхан. Таиланттың төрінде ел әнұранын шырқап, көк туды желбіреткен спортшыны жанкүйерлері Шымкент әуежайынан құрметпен қарсы алды.

Шымкент әкімі әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарын аралады

Шаhар басшысы қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Еңбекші ауданында бұрынғы Химиктер мәдениет үйі ғимаратының қазіргі жай-күйімен және «Дани НАН» ЖШС ұн комбинатының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын шамамен 200 адамды жұмыспен қамтып, өндіріс процесін автоматтандырған. Компания басшылығы шығарылатын өнімдер мен өндірісті кеңейту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.

Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Шымкентке оралды

Шымкент қаласындағы теміржол вокзалында гандболдан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрамасын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрама сапында ел намысын абыроймен қорғаған шымкенттік спортшылар – Колесниченко Дарья мен Ситникова Мария, жеңіске жетуде маңызды рөл атқарды.