Жүйенің артықшылығы сол, тәлімгерді қабылдау интернет жүйесі арқылы жүзеге асатындықтан ұлын жетектеген ата-аналар мектеп іздеп босқа сандалмайтын болады. Арыс қаласындағы Сәкен Сейфулин атындағы жалпы орта мектебі биыл жұрт қатарлы қыркүйекте 1-сыныпқа баратын 141 баланы электронды жүйе арқылы қабылдады. Ұстаздар қазірдің өзінде жаңа жүйенің артықшылықтары көп дейді. Мәселен бұрын ата-аналар балаларын мектепке өзі ертіп келсе, енді үйден шықпай ақ баланың құжаттарын порталға енгізуге болады. Қай мектепті таңдаймын десе де ерік ата-ананың өзіңде. Бұл процесс уақытты да үнемдейді.
Жалпы оқушынының бірінші сыныпқа электронды жүйе арқылы қабылдануы жемқорлық әрекеттерін жоюға да өз септігін тигізеді екен. Өз кезегінде білім ұяларында оқушының санының шамадан тыс асып кетуіне де жол бермейтін көрінеді. Сондай-ақ еліміздегі көптеген білім ұяларында биылдан бастап 3-6-8 сыныпта оқитындарға сабақ жаңартылған мазмұнда өтіле бастады. Сәкен Секйфулин атындағы жалпы орта мектебі де аталған жаңашылдықтан шет қалған жоқ. Мектепте 100 тарта маманның жартысына жуығы бүгінде балаларды жаңа форматта оқытуды қолға алды.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»