Дөңгелек үстелде белгілі болғандай, жыл соңына таман латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуының емле ережесі бекітілмек. Ал келесі жылдан бастап, мектепалды даярлық оқушыларына жаңа әліпби негізінде арнайы оқулықтар әзірленеді. Нәтижесінде, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап мектепалды даярлық оқушылары жаңа оқулықпен қамтамасыз етіледі екен.
Жобаға Түркістан облысы және Шымкент, Тараз қалаларынан ғалымдар арнайы шақырылған. Жиын қатысушылары латын әліпбиінің ғылыми теориялық негіздерімен қоса, өткен тарихы жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, халқымыздың ертедегі латын әліпбиін қолданған кездегі жай-күйімен таныстырып, тілдік саясатын да алға тартты. Және жаңа жүйеге сәйкес, педагогтардың біліктіліктерін арттыру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Жиынға қатысушылардың көпшілігі — мектеп оқытушылары. Олар латын әліпбиін мектепалды даярлық үрдісіне енгізудің тиімді жолдарын айқындау мақсатында пікір алмасты. Және латын әліпбиіне көшудің психологиялық-педагогикалық стратегиялары туралы идеяларымен де бөлісті.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»