Білім ұясының құрылысын әлі аяқтамаған «Шаңырақ» ЖШС-нің басшысына 1 апта уақыт берді. Өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда шара қолданылады, іс сотқа беріледі.
- Әліңіз келмей ме, тапсырыңыз. Осыншама уақыт созып, енді сылтаумен тойдырмақсыз.Сіз 1300 баланы далада қалдырайын деп отырсыз. Мемлекет қаражатын алып, халықты алдап отырсыз. Шамаңыз келмесе неге аласыз?Біз үшін әр сәт қымбат. Сізге соңғы мүмкіндік беріледі. Бір апта. Атүсті жүріп жұмыс істеген соң сапа да оңбайды. Сапасын бақылау күшейтіледі,-деді Дархан Сатыбалды.
Құрылыс компаниясы күрделі жөндеуді осыдан 1 жыл бұрын бастаған. Осыған дейін жұмысты жылдамдату туралы талай рет ескерту алған. Облыс әкімі жұмысшылардан жалақыларынын сұрады. Егер дер кезінде алмаған болса, жауаптыларға жағдайды тексеруді тапсырды.
Көктерек кентіндегі №16 И.Панфилов мектебініңөткен жылдың қазан айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары биыл тамыз айының соңында аяқталуы тиіс. Құрылыстың жалпы құны - 247,3 млн. теңге.
Түркістан облысында білім беру саласында 1 мың мектеп бар. Биыл Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты 21 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сарыағаш ауданында желтоқсан айына дейін 3 мектептің құрылысы аяқталады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында былтыр 9 мектептің күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Облыста 5 жылда жаңа 100-ге жуық мектеп салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен 3 жылда 63 мектеп салынады
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша жалпы 63 мектептің құрылысы жоспарланса, оның 10 мектебі Сарыағаш ауданында салынады. Бұл мектептер алдағы екі жылда пайдалануға беріледі. Жалпы, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, оның ішінде турникет жүйесімен, бейнебақылаумен, дабыл кнопкасымен, күзетпен қамту үшін 408 млн. теңге бөлінді. Ыстық тамақпен 1-4 сыныптарының оқушыларын қамтамасыз ету үшін 135 млн. теңге бөлінді. Яғни, биыл бірінші рет осы мақсатта 693 млн. теңгеге жуық бөлініп, балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталды.
Сондай-ақ, биыл Түркістан облысындағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен, және лицензиясы бар кәсіби күзет қызметімен қамтылады. Сонымен бірге бала саны 700-ден асатын 284 мектепке арнайы турникеттер орнатылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен білім саласына қолдау көрсету, балалардың қауіпсіздігін нығайту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен үнемделген қаржы есебінен жалпы 6 млрд. теңге қаржы қаралды. Яғни, үнемделген қаржы есебінен ауқымды жұмыс атқарылады. Атап айтсақ, камера орнатуға, дабыл, турникетке, күзетке, қоршауға, әжетхананы ағымдағы жөндеуден өткізуге, кәріз жүйесін жөндеуге тиісті қаржы қаралып отыр. Осы бағытта тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселелер жаға оқу жылына дейін толық шешілмек.
Облыста бала саны 300-ден жоғары 572 мектепті мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз ету қажеттігі бар. Бұл мәселе мектептердегі қарауыл штат бірліктерін ықшамдау арқылы үнемделген қаржы шегінде шешілмек. Сонымен бірге 38 мектептің жылу жүйесін газға өткізуге де қаржы қаралған. Түркістан – еліміздегі ең демографиясы жоғары өңір. Биыл облыста 500 мыңнан астам оқушы білім алды. Мектептер саны 1000-ға жетті.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша Түркістан облысында 86 мектеп салу жоспарланған. Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралған «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды таяуда салаға жауапты басшылардың басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою жоспарға қойылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат