Жиында сөз алған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев ұздастар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, Алғыс хат табыс етті.
«Құрметті ұстаздар, қадірменді білім беру саласының ардагерлері!Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі қоғамда білімді ұрпақ тәрбиелеу ең маңызды миссиялардың бірі. Өйткені, зерек те, зейінді, білімге бейілді ұрпақ мемлекеттің болашақ капиталы саналады. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді ұрпақ екені даусыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында ауданымыздағы білім ұялары, яғни мектептеріміз қазіргі күнгі талаптарға сай жабдықталып, ерекше жетістіктерге жетіп отыр. Аудан бюджетінің 60 пайызы осы білім саласына бағытталуда», - деді Жамантай Қанайұлы.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.