Ондағы қала тарихы мен шаһардың құрылымы жайлы ақпар алды. Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әлем ғалымдары қызығып отырған ескі Сауран қаласы болашақта барлық туристер келіп тамашалайтын мекенге айналатынын айтты. Сондай-ақ, Түркістан облысына келетін қонақтарға арнайы туристік бағыттар құрылып, сервистік қызметтер жанданатынын жеткізді.
Еуропаға белгілі этнограф, тарихшы Франсуаз Ленобль бастаған француз ғалымдары одан соң Түркістанда бой көтеретін жаңа ғимараттар мен Қ.А.Ясауи кесенесі айналасында салынатын шығыстық үлгідегі эскиздік жобалармен танысты. Сапар соңында шетелдік қонақтар тарих пен қасиетке бай Түркістанның туристер ошағына айналатына сенім білдірді. Сонымен қатар, туристерді тарту үшін насихатты көбейтіп, тарихи нысандардағы ақпараттық жүйелер күшейтілсе, өңірге келетін қонақтар саны артатынын жеткізді.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»