700 орынға шақталған мектеп 2011 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда білім ордасында 136 мұғалім жұмыс істейді. Мұнда екі ауысымда 1 мыңнан аса оқушы негізгі мектеп типтік ғимаратта білім алады. Мектеп «көгілдір отынмен» жылытылады.
Мектептің оқу бөлмелері мен құрал-жабдықтарын жаңарту мақсатында «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры, «Білім беруді тұрақты дамыту» қоры қоғамдық қоры, «Ed Tech Innovation» ЖШС және С. Әбдіжаппаов атындағы жалпы орта мектеп-интернаты арасында төрт жақты келісімшарт жасалды. Меморандум аясында серіктестер 250 млн. теңге қаржы бөліп, білім ордасындағы 30 оқу кабинеті толықтай жабдықталуда. Одан бөлек спорт зал, акт зал, АРТ-студия жабдықталып, кітапханаға керек-жарақтар жеткізілуде. Сонымен бірге білім ордасында телестудия да жасақталуда.
Облыс әкімі мектепті аралау барысында жылу қазандығының жай-күйіне баса мән беріп, жылу жүйесіндегі анықталған ақаулықтарды қалпына келтіруді тапсырды. Мектеп асханасының ас мәзірін көрді. Жауаптыларға оқушыларға барлық жағдай жасалуы керек екенін айтты.Бәйдібек ауданында жалпы 51 мектеп бар. Онда 2454 педагог 12 343 оқушыға білім беруде. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Шаян ауылынан жаңадан 300 орындық мектептің құрылысы былтыр басталған.
Айта кетейік, Түркістан облысында үш жылда 100-ге жуық мектеп салынады. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы мен республикалық бюджет есебінен құрылысы жүргізілетін 33 мектептің 2023 жылы 18-і тапсырылса, қалғаны 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 жылда 63 мектеп салынады. Жобалық қуаты – 49 мың орын. 2024 жылы 29 мектептің құрылысы басталса, 2025 жылы 34 мектеп пайдалануға беріледі. Оларға қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Бәйдібек ауданындағы Н.Арапов пен О.Тайманов мектептерінің жылу жүйелеріне және Жамбыл мектебінің ғимараты мен ауласына 148,1 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді.
Заманауи мектеп түлектерінің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал оқу орындарына түскен. Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді. Бұл мектеп алдағы 2 жылда пайдалануға беріледі. 2023 жылға оқушылардың білім стандарты мен оқу бағдарламаларын сапалы меңгерту мақсатында ауданда 189 млн. 620 мың теңгеге 24 жаңа модификациялық кабинеттер алып беруге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
1 мектепке (Ы.Алтынсарин) жаңа оқу ғимараты; 5 мектепте (Тасқұдық, Боралдай, Бөген, Теректі, Ғ.Мұратбаев) орын тапшылығы сезіліп, қосымша ғимарат қажеттілігі туындауда. 12 мектептің ғимараттары ескіруіне байланысты күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 37 млн.926 мың теңге адами әлеуетті дамыту басқармасына өтінімі ұсынылған. Ағымдағы жылы 6 мектепке (Ш.Уәлиханов, Л.Өтешов, Қ.Сәтпаев, Домалақ ана, Ақтас, Қайнар) 21 млн. 546 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен ЖСҚ-н әзірлеу жұмыстары атқарылуда.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат