2022 жылғы 26 қарашасының №2 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазіргі және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарының 84-тармағына сәйкес, білім беру ұйымдарын (мектептер, колледждер, мектепке дейінгі ұйымдар) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтармен жарықтандыру жөнінде тапсырма берілген болатын.
Аталған іс-шараның басты мақсаты - білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру. Семинар барысында Облыстық білім басқармасының Тәрбие, қосымша білім беру және кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімнің бас маманы Нурышова Дария Алтынбекқызы, Білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Түркістан облысы Полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Шамил Бек Талғатұлы, Білім беру ұйымдарының бейнебақылау камераларын арнайы IP VPN арналары арқылы, провайдерлермен әрекеттесе отырып Жедел басқару орталығына қосу туралы жан-жақты тоқталып өтті.
Семинарға облыстық білім басқармасы, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының жауапты мамандары, полиция департаменті, Қазақтелеком және Транстелеком АҚ мамандары, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Айта кетейік, «Ұлттық білім беру дерекқорында» (НОБД) қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етілген жалпы 2 639 білім беру ұйымы, оның ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары 63,5%, ал жекеменшік білім беру ұйымдарының 52,3%-ы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылғаны анықталды.