Білімнің негізігі құралы болып табылатын кітап қорыда бұл оқу орнында жеткілікте. Оқу орнында жастардың зертеулік жұмыс жасауына бар жағдай жасалған. Соның бірі «Қысқы бақ», мұнда жастар өзінің зертеулік жұмысын жасап гүлдерді будандастырып жаңа түрлерін және Елімізде өспейтін өсімдіктерді Сарыағаш жеріне жерсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда «Қысқы бақта» 100-ге жуық гүлдер және «Інжір» шабдалысын өсіруді қолға алған. Мұнда студенттер лимонның 2 түрін өсірумен жұмыс жасап жатыр.
Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде жастардың рухани байлық сыйлау үшін, бос уақытын тиімді пайдалану үшін арнайы «Ұлттық мұражай» және «Рухани жаңғыру» кабинеті жұмыс жасайды. Бұл кабинеттерде жастардың өз қолымен жасаған заттар және көне археологиялық заттар қойылған. «Рухани жаңғыру» кабинетін осыдан 44 жыл бұрын бітірген түлектер «Туған жер» бағдарламасымен ашып берген. Кабинеттің ашылуына «Ордабасы» құс фирмасының директоры, облыстық маслихат депутаты Мұрат Тағаев атсалысқан. Оқу орынның өз тарихын баяндайтын арнайы музейі ашылған. Музейдің ең басты байлығының бірі Шәмші Қалдаяқовтың отырған партасы сақталған. Облыстық ақпараттық топ колледждің тыныс тіршілігімен толықтай танысып шықты.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»