Ғылым мен IT технологияларды дамытуды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы және инновациялық аумақтарды құруда тәжірибесімен бөлісу ынтымақтастығын қарастыру туралы талқылады. Иннополис университеті ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беру мен зерттеулерге маманданған жоғары білім беру ұйымы. Заманауи ЖОО-да барлық академиялық бағдарламалар ағылшын тілінде жүргізіледі, ал мамандықтар ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Университет Ресейдегі 300-дей жетекші IT-компаниялармен біріккен 17 зертханасы мен 9 даму орталығы бар ғылыми орталық. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.
Мемлекет басшысының елімізді жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайту туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Түркістан облысы IT секторын дамыту үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Татарстан Республикасына жұмыс сапары ақпараттық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам. Бұл бағытта облысымызда белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ сапар барысында өңір делегациясы «Иннополис» арнайы экономикалық аймағымен танысты. Бұл озық инновациялық шешімдер әзірленетін және коммерцияланатын аймақ. АЭА негізгі нысаны технопарк кеңселері мен даму орталықтары бар заманауи, көп функционалды кешен болып табылады. Мұнда IT компанияларды дамуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған, жаңа перспективалы жобалар да, ірі ресейлік және халықаралық IT-компаниялар да шоғырланған. АЭА алаңдарының жалпы аумағы - 311 га. Инновациялар мен технологиялық бағытынба ынталандыруда – IT-стартаптарды құру және қолдау да маңызды рөл атқарады. Осыған орай, тәжірибе алмасу мақсатында делегация Башир Рамеев атындағы ІТ-паркке арнайы барды. Парк базасында коворкинг, цифрлық кітапхана, балалар технопаркі, стартап хаб, киберпарк аренасы және т.б. бар.
Иннополис – Қазан қаласы агломерациясы аумағында тұрғызылған заманауи қала. Онда Иннополис университеті мен «Иннополис» ерекше экономикалық аумағы бар. Мәскеу жанындағы Сколково және Новосібірдегі Кольцово аумақтарымен қатар, Ресейдегі IT технологияларды дамыту мақсатында тұрғызылған ғылыми-өндірістік аумақтардың бірі.Түркістан облысынан барған делегация Татарстанның өндіріс орындарын аралайды. Инвесторлармен нақты келісімдер жасайды деп күтілуде. Әсіресе, ІТ саласы мен ауыл шаруашылығындағы озық технологиялар мен жобаларға басымдық беріледі.
Бүгіндері Түркістан облысында IT саласына байланысты бірқатар жобалар мен жұмыстар қолға алынған. Оған дәлел Түркістан облысында алғаш рет көпсалалы IT мектеп ашылды. Көпсалалы IT мектебі білікті мамандарды даярлауға арналған. Замануи Dosti IT School мектебінде 20-дан астам бағытта курстар бар. Мектепте IT саласы бойынша халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, цифрлық саланың майталмандары жаттықтырады. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған білім ошағында бір мезгілде 80-нен астам баланы оқытуға мүмкіндік бар.
Елімізде білім саласындағы цифрландыруға көп көңіл бөлініп отыр. Аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білікті IT маман даяурлау міндетін алға тартты, осы бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Айта кетейік мектептің көрме залында программалау, электроника және пневматика сияқты өнімдер қойылған. Сондай-ақ жасанды интеллектте жұмыс істейтін роботтар мен роботты автомобильдер бар. Жалпы ақпарат технологиясы (IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды, деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; Гарольд Дж.Я. Либет және Томас Л. Висслер былай деп жазды: «Жаңа технология әлі де басқарылмайды. Біз ақпараттық технологияны (IT) деп атаймыз.” Анықтамасы үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу. Дәл осы қарқынмен жуырда түркістанда IT университетін құру жобасы талқыланған болатын.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат