Бейсенбі, 25 Қазан 2018 10:54

Түлкібаста «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына қабылдау рәсімі өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев 2018 жылдың 24 қазан күні Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектеп гимназиясының ұжымымен кездесті. Іс-шараның мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев «Елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан Отан сүйгіштікке, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққатәрбиелеу парызымыз. Бұл сезімдер біздің халқымызда ежелден бар Ұлы қасиет. Сондықтан әрбір ата — ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет» — екенін атап өтті. Ал, Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков жас буынды сыбайластықтан аулақ болуға, еліне, ата-анаға, досқа адал болуға шақырды. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне ар-ұят, абырой, жауапкершілік, сатылмаушылық, әділеттілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда үлкендерден үлгі алуға шақырды.

Жиын барысында мектептегі өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының жұмысы таныстырылды, сондай-ақ, «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылданушыларға арнайы галстуктар табысталып, сурет көрмесі мен концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Айта кетсек, бүгінгі күні облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтаудағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 904 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, онда 300 мыңнан аса клуб мүшелері бар.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1261 рет