Дүйсенбі, 05 Тамыз 2024 10:29

Түркістанда корейлік «WOOSONG» университетінің филиалын ашу жұмыстары басталды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік Кореяның «Вусонг» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюнмен кездесті. Қос тарап әріптестікті нығайту жолдарын талқылап, Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу бойынша келісімге қол қойды.

– Қасиетті Түркістанға қош келдіңіз. Қазақта «Бір көрген – біліс, Екі көрген – таныс» деген сөз бар. Өзіңізбен бірнеше рет жүздесіп, жақын адамға айналдық десек болады. Тарихы мен мәдени мұрасы мол ежелгі қала Түркістан қарқынды дамып, заманауи білім беру және мәдени орталыққа айналуда. Шаһарымызда «Вусонг» университетінің филиалын ашу осы жолдағы маңызды кезең екені даусыз және мұның мультипликативті әсері зор болатыны анық. Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз Түркістан облысындағы білім беру жүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосарына сенімдіміз. «Вусонг» университеті жаңа білім беру стандарттарын әкеліп қана қоймай, сонымен қатар аймақ экономикасының дамуына ықпал ететін инновациялық жобаларды құрудың бастамасы болады. Сауапты жобаны бастайын деп отырмыз. Бұл оқу орны Түркістан облысы мен Қазақстанның жастарына мүмкіндіке береді. Жастарымыз оқып, әлемде өздерін танытып жатса, бізге де абырой. Жуырда Корея Президентімен кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы осы оқу орнын ашу бастамасына арнайы тоқталып, қолдау көрсетті. Бүгінгі осы жобамыздың келісіміне қол қою рәсімі біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтереді. Келісімнің арқасында бірлесе отырып, көптеген жаңа жобаларды жүзеге асырып, білім беру саласында маңызды жетістіктерге қол жеткіземіз деп сенемін. Біз осы маңызды жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз. Өйткені, жобаның жүзеге асуына ең алдымен өзіміз мүдделіміз, – деді Дархан Сатыбалды.

«Вусонг» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюн өңір басшысына алғысын жеткізді. – Тарих пен мәдениеттің орталығы – Түркістанға келгеніме қуаныштымын. Біздің оқу орнын ашу бағытындағы келісіміміз жұмысты жеделдетеді. Сәуір айында Оңтүстік Кореяға арнайы келіп, оқу орнын ашу мәселесі бойынша келіссөз жүргізгеніңізді білеміз. Осы қысқа ғана уақытта көп жұмыс атқарып үлгергеніңізді көріп тұрмын. «Вусонг» университетінің 70 жылдық тарихы бар. 30 жылдан бері шетелдің студенттерін де қабылдап, білім беруде. Біз өз тарапымыздан Түркістандағы университетті Орталық Азиядағы көшбасшы оқу орындарының біріне айналдыруға бар күшімізді саламыз. Студенттеріміздің бәсекеге қабілетті, білімді болуына барлық жағдайды жасаймыз. Жобамыз сәтті жүзеге аса берсін! – деді ол.Кездесуде екіжақты байланысты нығайту, жұмыс жоспарын реттеу, университетті ашу бағытындағы мәселелер жан-жақты талқыланды. Қос тарап бұл жоба бойынша тұрақты түрде ақылдасып тұруға уағдаласты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде көптеп ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады. Жаңа білім ордасының инновациялар мен озық технологиялар орталығына айналмақ. Басты мақсат - адами капиталды дамыту. Бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және студенттер мен оқытушылар алмасуы ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдай жасайтыны сөзсіз.

Жаңа білім ордасын ашу жобасының Түркістан өңірінің дамуындағы маңызды қадам болмақ. Бұл инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етері анық.Филиал Түркістан қаласында жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын. Меморандумға сәйкес университет ретінде Түркістан облысының әкімшілік-іскерлік орталығы аумағынан 18 қабатты ғимарат ұсынылды.

Жаңа білім ордасын ашу жобасының Түркістан өңірінің дамуындағы маңызды қадам болмақ. Бұл инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етері анық. Филиал Түркістан қаласында жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын. Жоғары оқу орнын ашу туралы келісімге 2024 жылдың ақпан айының басында Вусон университеті делегациясының Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілді.

Халықаралық білім ошағының ғылыми орталығы Теджонгта орналасқан және 70 жылдық тарихы бар. Халықаралық білім ордасында 16 мыңнан астам бала білім алады. Оның ішінде әлемнің 85 мемлекетінен келген студенттер бар. Профессорлық құрамы 1 мың адамнан асады. Оқу барысын онлайн және офлайн платформада өткізеді. Оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша Кореяда үздік үштікте. Университетте Қазақстаннан барған 40-тан астам жас білім алады.Жасанды интеллект, яғни адамның ойлау процесін компьютерлік жүйелермен модельдеу бойынша инновациялық зертханалар жұмыс істейді. Киберқауіпсіздік бойынша мамандарға сұраныс артқан. Түлектер басқару мен өндіріс саласын бірге меңгереді. Осы бағытта Түркістан өңіріне ыңғайластырып, ауыл шаруашылығындағы ақпараттық жүйелер саласын жетілдіруге күш салынбақ.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады.– Түркістан облысында IT мамандарға басымдық беруді көздеп отырмыз. Негізгі бағыттың бірі – оқу орындарын Түркістан өңірінде ашу. Ауыл шаруашылығы мен техникалық салаларға басымдық беріледі. Қазіргі таңда бізде екі халықаралық универитетіміз бар. Онда 12 мыңға жуық студент білім алуда. Оңтүстік Кореяда техникалық сала бойынша мықты білім ордалары көп. Бұл сала жақсы дамыған. Сондықтан осындай оқу орнын өзімізде ашсақ деген ниетіміз бар, – дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Жалпы, соңғы жылдары қазақ-корей ынтымақтастығы, соның ішінде Түркістан облысы мен Корея Респбуликасы арасындағы қарым-қатынас үлкен қарқынмен дамып келеді. Соның бір мысалы ретінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясының биыл жыл басында Оңтүстік Корея мемлекетіне іссапармен баруын айтсақ болар еді. Аталмыш сапары барысында делегация басшысы, яғни, облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы Оңтүстік Кореяның бірқатар ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Сапар барысында облыс әкімі Doosan Enerbility компаниясының вице-президенті Ким Чон Гванмен кездесті. Тараптар кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктерін талқылады. Келіссөздер жүргізді. Онда компанияның стансалар салуда және озық технологиялар мен жабдықтарды қолдануда үлкен тәжірибесі бар екені айтылды.

Екі елдің сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанын айтқан өңір басшысы Түркістан облысының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды. Дархан Сатыбалды 2 миллионнан астам халқы бар өңірдің дамуы үшін шетелдік инвесторларды тарту маңызды екенін айтып, бұл орайда инвестициялық бестіктің әрдайым алдында жүретін Корея елінің орны ерекше екенін жеткізді. Сондай-ақ кореялық бизнесмендерді облыстағы құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу және медицина салаларына инвестиция құюға шақырды.

Doosan Enerbility жол-құрылыс техникасын шығару бойынша әлемде жетінші орында тұр. Дүние жүзі бойынша компанияның 100-ден астам филиалы бар. Кәсіпорындар экскаваторлар, өндірістік жабдықтар мен тұтыну тауарларын жасап шығарады. Құрылыс және қаржылық, консалтингтік және IT қызметтерін ұсынады.Компания Орталық Азияда энергетикалық турбиналар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Өткен жылы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен Doosan Heavy Construction арасында Түркістан облысында қуаты 1000 МВт электр станциясын салу жөнінде келісімге қол қойылды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 305 рет