Семинарға жүйе бойынша барлық кітапханашылар қатысты. Аталмыш семинар барысында «Кітапхана - заманауи әлемде: дәстүрлер мен инновациялар»тақырыбында түсіндірме жұмыстары, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы»мақаласын, «Фараб»әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Тиянақты кітапханашы»жазғы оқу курсына қатысқан кітапханашылар оқу барысында алған тәжірибесімен ой бөлісті.
Мемлекет басшысы алдыңғы жылы 22 қазанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында жасаған баяндамасында кітапханалар ағартушылық рөлін жоғалтпай, заманауи талаптарға сай болу керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ кітапханалардың өскелең ұрпаққа оқу мәдениетін қалыптастыру, оқу сауаттылығын дамыту ісіндегі ерекше рөліне тоқталды. Осыған орай републикалық және жергілікті атқарушы органдарына қарасты кітапханалар өздерінің дәстүрлі қызмет көрсету сапасын арттырып, уақыт талаптарына сәйкес, оқырмандарды тартудың жаңа жолдарын іздестіру қажеттілігі туындап отыр.
Кітапхана дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда.
Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде-кем. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз.
Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашылардың орны өзінше бір бөлек. Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керек екендігі айтпаса да түсінікті.
ХХІ ғасыр рухaният, мәдениeт, ақпaрaт ғaсыры екені әлeмдeгі aдaмзатқа бeлгілі. Қай қоғамның тұрaқты дaмуында мәдeниеттің aлaр орны зoр eкeнін aлғa тaртсaқ, бiздiң рухaни тынысымыздың өзeкті мәсeлeлeрінің бiрi – кiтапхaналaр жaғдaйы. Кітапхана дүниeдe eштeңe тeңeстiрiлмeйтін білім бұлaғының көзi, ғaсырдaн ғaсырға aдaмзaт тaрихының кeруeнін сүрiндiрмeй әкeлe жaтқaн шырaғы биiк, пaрaсаттылық пeн бiлiмдiліктiң, бiлiктiліктiң киeлі oрдaсы.
Бүгiнгi тaңдaғы қoғaмдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Заманауи қоғам – ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттық, мәдени-ағарту орталығы болып табылатын заманауи кітапхана – бұл мәдениеттің, ғылымның әлеуметтік институты және кітапхана саласындағы озық технологиямен жұмыс жасауды талап етеді.
Кітапхананың саны, сапасы және оның жұмыстарын ұйымдастырумен халық мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Кітапхананың жай-күйі арқылы мемлекеттің мәдени деңгейін байқауға болады. Кітапхана- мәдениетті дамытатын, оның жетістіктерін марапаттайтын әмбебап құрал. Кітапхана мәдени жетістіктерді құжат түрінде тіркеуге, оны басқа мекемелерге қарағанда әр адамның санасына жеткізуге мүмкіндік жасайды. Оның қорында халықтың өткені мен болашағы сақталған. Адамдардың мәртебесі, лауазымына қарамастан, халықаралық кітап мәдениеті әлеміне тең дәрежеде енуіне, яғни, кітапхана әлеуметтік теңдікті, әлеуметтік әділеттілікті реттеуші қызмет атқарады.
Қазіргі кітапханалар – ақпараттық мәдени – ағартушылық, ғылыми зерттеушілік мекеме болу керек. Қазіргі сұраныс технологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануды қажет етеді. Бүгінде кітапханаларды интернет желілеріне қосу, ақпараттандыру ісі кеңінен өріс алып қолданылуда. Кітапханадағы интернет – тұлғaның мәдeниeтiн қaлыптaстырудағы арнайы технология жүйесі. Мұндағы интернеттің мақсаты жаңадан пайда болған ақпараттық әдістерді қолдануын түсіндіріп және ақпараттарды өңдеп, пайдаланушыға ақпарат көздерін нақты әрі тиімді жолмен ұсыну болып отыр.
Интернет желісі – бүкіл әлемдік ақпараттық байланыс өрнегі. Интернет желісі – кітапхана саласының жаңа заман талабына сай дамуына алып келетін бірден-бір жол.Интернет желісі ақпарат іздеушіге кез-келген уақытта тиімді әрі жылдам ақпарат көзін тауып бере алады. Сонымен қатар кітапханаға басқа кітапхана жүйесімен байланыс орнатуға, сонымен қатар серіктестік қарым-қатынас орнатып, сапалы білім, таза ақпарат көздерін бере алатын көптеген кітапханалармен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндіктер береді.
Кітапханашылар жаңа технологияларды игерген компьютер маманына айналды, болашаққа жаңа міндеттер мен талаптар қойылды. Дәстүрлі оқумен қатар жаңа технологиялар игеру негізіндегі жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Ақпарат пен білімді ұштастыру нәтижесінде оқырмандарға ақпарат беру, іздестіру жұмыстары бойынша қызмет көрсету көлемі артты. Қазіргі таңда білікті де білімді мамандар дайындау үзіліссіз дамып келеді. Білім,білік, дағды алмасу жұмыстары, әртүрлі ғылыми конференциялар жылдық жоспарға еніп мақсатты түрде жүргізілуде.
Жалпы, болашақта библиограф — кітапханашылар басқа құрылымдар мен жүйелерге де қажет болады. Бұл қажеттілік кітапханашы мамандығына тікелей әсер етеді.Кітапханашы мамандығы үшін кәсіби біліммен қатар, жаңа техникалық құралдарды меңгеру, ақпараттық технологияның көмегімен жоғары сапалы ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, оқырман сұранысын қанағаттандыру, кез-келген оқырман категориясымен жұмыс жүргізе алу, ұдайы өз білімін жетілдіріп отыру- бүгінгі заман талабы. Осыған орай, ағымдағы жылда компьютерлік сауаттылықты жетілдіру аясында барлық кітапханашыларға курстық сабақтар теориялық және практикалық жүйеде өткізілуде. Нәтижесінде кітапханашылар оргтехникамен, РАБИС,MS Word, MS Excel, Power Point тағы да басқа бағдарламаларымен қатар браузерлермен, іздестіру жүйесімен, әдістемелік құралдар жасау, кітапшалар, жылнамалар жасауды жетік меңгерді.
Американдық библиограф, кітапханашы М.Дьюидің мына бір керемет сөзі: «Кітапханашы- энтуазист, өз ісінің білгірі, оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуші, көпшілік пікірін қалыптастыра алатын маман иесі» демекші, бүгінгі таңдағы кітапханашының мына бір ұранымен тұспа- тұс келеді:«ақпарат кез келген жерде, кез келген уақытта», «сапалы да жылдам қызмет көрсету». Кітапхананың бүгінгі таңдағы дамуының күн тәртібіндегі бірінші кезекте тұрған мәселесі бұл — кітапханалық бағдарламамен толық қамтамасыз етілу, сондай-ақ виртуалды анықтама, құжаттарды электронды түрде жүргізу, түрлі әлемдік мәліметтер базасына, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу, кітапхана сайттарының функциясын кеңейту сынды өзекті проблемалар тұр.
Технология жетістігіне қарай қазіргі қазақстандық кітапханалар да өзгеше сипат алып отыр. Кітапханалық қызмет арнасы кеңейді. Заман ағымы пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету деген әдісті әкеліп қосты. Қазақстан кітапханаларын ақпараттандыру үздіксіз процеске айналды. Қазір кітапханалар ақпараттық ресурстарының мүмкіншілігі артқан орталықтарға айналуда. Яғни заманауи ақпараттық электрондық орталықпен көпшіліккке заман талабына сай қызмет көрсетеді. Ал оқырмандар қашықтан тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болды. Бұл – электронды каталог жүйесін енгізудің жемісі.
Қазақстандағы көптеген кітапханалар арқылы Қазақстан Ұлттық Электрондық Кітапхана қорына тікелей және ақысыз қол жеткізуде. Электрондық кітапхана (ЭК) — оқырмандарға қызмет көрсету барысында жан-жақты мүмкіндіктер жиынтығын қолдану аясын кеңейтеді. ЭК — сонымен бірге қордың бір бөлігі, әрі ақпараттық технологиялардың жаңа элементі. ЭК-ның мәлімет базалары бағдарламалық-техника жиынтығын қолдана отырып құрастырылады, құжаттарды машина оқитын түрге айналдыру жұмысы жүзеге асырылады, құнды топтамаларды сақтау және олардың электрондық көшірмелерін жасау арқылы сирек әдебиеттерге, басқа да мәліметтерге еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету, жеке жинақтарды құру сияқты жұмыстарды атқарады.
Оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетудің дәстүрлі түріне қарағанда электрондық жүйеге негізделген қызмет түрлеріне деген қажеттілік артып отыр. Кітапхана ісін автоматтандыру, қағаз түріндегі дәстүрлі ақпараттық қорларды электронды түрге көшіру, электронды каталогтар, библиографиялық дерекқорлар жасақтау, интернет желісінің көмегімен ақпарат алмасу – кітапханалардың басты міндеті болып табылады.
Кез келген кітапхана үшін каталогтың маңызы ерекше. Өйткені кітапханашылар оқырмандарға тек каталог арқылы қызмет көрсете алады. Яғни, кітапхана каталогсыз болуы мүмкін емес, ол кітапхана қорын жан-жақты ашып, қор туралы ақпарат береді. Енді бүгінгі таңда дәстүрлі каталогты ақпараттық технология дәуіріне сай етіп электронды каталогқа ауыстырылып қолдануда. Электронды каталог арнайы бағдарлама арқылы іске асады.
Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани, қарым-қатынас мәдениетімізді жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Қазіргі кітапханалардың басты міндеттері – оқырмандарды жан-жақты тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесімен ұштасқан тәрбие негізін жалғастырушы тәрбие орны мектеп пен кітапхананың бірлігі – жастардың бойындағы жеке қасиеттерін қалыптастыратын, бекітуге жол салатын білім мен тәрбие орталығы. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны түбегейлі қайта қаралып, тәрбиелеу ісінде өзгерістер енгізілуде. Мұның өзі қоғамның әлеуметтік дамуына сай белсенді, мәдениетті, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің мазмұнын қайта құрып, жетілдіруді қажет етеді. Кітапханашы - библиограф мамандарының кәсіби даярлығын дамыту барысында қарым - қатынас мәдениетінің қыр - сырын, іскерлік дағдыларын қалыптастыру қажет. Қарым - қатынас мәдениеті – адамдардың қарым-қатынасының психологиялық және адамгершілік бағыттарын қарастырады. Қазіргі қоғам жоғары адамгершілік деңгейдегі мамандар даярлауды қажет етеді, қалыптасып келе жатқан қоғамға мәдениеттілік қалпын енгізуді көздейді.
ХХІ ғасыр – ақпараттар ғасыры, компьютердің, интернеттің ғасыры, адам үшін техника жұмыс істейді дегенімізбен, өмірге еніп жатқан сан алуан ақпараттарды қабылдап, оны тыңдаушысына өз деңгейінде дұрыс жеткізу үшін кітапханашы мамандар тіл мәдениетін, оның өзіне тән ішкі заңдылықтары мен талаптарын игеруі тиіс. Сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті – кітапханашыдан үлкен кәсіби біліктілікті қажет етеді. Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Адам баласының сана – сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор.
Кітапханашы маманының басты құралы оның сөйлеу мәдениеті. Қарым-қатынас орнату, сөйлесу, сөйлеу арқылы хабар алу немесе керісінше хабар жіберу көне заманда адамзат санасымен қатар қалыптасты. Шындығында, күллі процестер мың есе орындалады - орта өзгереді, біздің өзіміз, әр нәрсені білеміз, түсінеміз, өзіміздің білімімізді тәрбиелеу және оқыту барысында қолдана аламыз. Адамға сөйлеп үйрену үшін қаншама үлкен асулардан өтуіне тура келеді. Кітапханашы мамандығы адамнан сөйлей білуді, оқырманмен тілдесу мәдениетін талап етеді. Бұл түсінікті жәйт: жұмыс істей отырып, біз оқырмандарымызбен сөйлесеміз, хабар алысамыз. Оқырманның біліміне, жасына, мамандығына қарамастан, біздің сөйлесу жүйеміз оларға түсінікті болуы керек. Бұл - біздің табысты жұмысымыздың басты шарты. Кітапханада оқырман барлық жерде және әрдайым жүреді.
Егер кітапханада адамға деген жылы шырай танылмаса, ол кітап тарататын, сақтайтын жерге айналады. Кітапқа көбіне кішкентай балалар ғашық болады. Есейген сайын кітапсыз өздерін жаман сезіне бастайды. Қандай да өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та арта береді. Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуында сөйлеу мәдениеті ерекше орынға ие. Студенттер арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің бейнесі жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық бейнесін оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның әр қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді.
Кітапхана қызметкерлерінің міндеттері кітапхананың көлеміне және оның жұмыс істеу тәсіліне байланысты өзгеруі мүмкін. Кітапханаларды әдетте мемлекет немесе университеттер ашады. Жоғары оқу орындарының кітапханалары мен көпшілік кітапханаларында сабақтас кәсіппен айналысуға болады. Кітапханалардың көлеміне қарай қызметкерлердің міндеттері әртүрлі болғанымен, олар негізінен төмендегідей;
Кітапханаға жаңа кітаптарды тіркеу,
Тақырып, автордың аты және кітаптың аты сияқты мәліметтерді ескере отырып, кітаптарды жүйеге тіркеу,
Кітаптардың тіркеу мәліметтері бойынша этикеткаларды дайындау, алдынан және бүйірінен таңбалау,
Журналдар сияқты мерзімді басылымдарға жазылу процестерін бақылау және олардың мекемеге үнемі келіп тұруын тексеру,
Кітаптар мен журналдарды этикетка нөмірлеріне сәйкес тиісті орындарға орналастыру,
Зақымдалған кітаптардың түптерін жаңарту, жетіспейтін беттерді толтыру және техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау,
Кітапханада жалпы тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету,
Кітапханадағы журналдарды, кітаптарды және тезистерді қадағалау,
Кітапхана ғимаратында мәжіліс залы, кинотеатр немесе компьютер бөлмесі сияқты бөлімдерді ұйымдастыру және ұйымдастыру,
Жиналыстарда қолданылатын құралдар мен жабдықтардың жұмыс жағдайында болуын қамтамасыз ету,
Қажет болса, жарияланымдарды, журналдарды және тезистерді көшіру,
Кітапханаға келген жазылушыларға кітаптарды алу және жеткізу,
Кітапханадағы кітаптарды уақытында қайтару үшін қадағалап, кешігіп келген кітаптарды пайдаланушыларға ескерту,
Кітапханаға жеткізілген кітаптарды алған соң санаттарына сәйкес орындарына орналастырылады,
Кітапханада мерзімді түрде өткізілетін санақ шараларына қатысу,
Жаңа жазылушылар болғысы келетін адамдар үшін жазылушыларды тіркеуді ашу немесе жазылуларын аяқтағысы келетін қатысушыларға көмектесу,
Іздеген басылымды немесе кітапты таба алмаған жазылушыларға бағыт-бағдар беру.
Кітапхана қызметкерлері ғимараттағы кітап-журнал басылымдарының сақталуына да жауапты. Кітапхана қызметкерлері не істейді деген сұраққа осы барлық міндеттер мен жауапкершіліктер аясында жауап беруге болады. Күндізгі уақытта көптеген абоненттер баратын бұл аймақтар тұрақты болуы керек. Осы себепті, тәртіпті түрде жұмыс істеу арқылы тәртіпті сақтау өте маңызды.
Кітапхана қызметкері болу үшін қандай білім қажет?
Кітапхана қызметкері қалай болу керек деген сұраққа сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту қажет деп жауап беруге болады. Кітапхана қызметкері болғысы келетіндер жоғары оқу орындарының Өнер және ғылым факультетінің Ақпарат және құжат айналымы немесе құжаттама және ақпарат бөлімдерінде оқи алады.
Кітапхана қызметкері болу үшін қандай талаптар қойылады?
Кітапхана қызметкерлері немен айналысады деген сұраққа жауап бергенде, иеленуі тиіс біліктілікті атап өту қажет. Кітапханашылар кітаптарды оқуды, шолуды, таңбалауды және классификациялауды ұнататын адамдар болуы керек. Бұл адамдар мұқият және мұқият жұмыс істеуі керек. Олар жабық және тыныш ортада жұмыс істеуге бейімделуі керек. Сонымен бірге офицер деректермен жұмыс істеуді ұнатуы керек. Бұл тапсырма MS Office бағдарламаларын жақсы пайдалануды талап етеді. MS Office бағдарламаларын үйренгісі келетіндер тиісті оқу орындарында білім ала алады.
Кітапхана қызметкерлерін жұмысқа қабылдау шарттары қандай?
Кітапхана қызметкерлерін жұмысқа алғысы келетін мекемелер қызметкерлерден белгілі бір шарттарды орындауды талап етуі мүмкін. Кітапхана қызметкері болып жұмыс істейтін адамдар жұмыс істейтін кітапхананың көлеміне байланысты әртүрлі тапсырмаларды орындай алады. Негізінде, кітапхана қызметкері орындауы тиіс талаптарды келесідей көрсетуге болады:
Университеттің тиісті бөлімдерін бітірген болуы керек.
Жабық және тыныш ортада жұмыс істеуді ұнату керек.
Кітаптармен және деректермен жұмыс істеу ұнауы керек.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары жоғары болуы керек.
Ол кітаптарды жақсы білуі керек және авторлар мен кітап категориялары туралы білуі керек.
Қарқынды жұмыс қарқынына ілесе білу керек.
Оқуды және зерттеуді жақсы көру керек.
MS Office бағдарламаларын пайдалана білу және компьютерде негізгі білім болуы керек.
Ер үміткерлердің әскери қызметке қатысы болмауы керек.
Кітапхана қызметкері болып жұмыс істейтін адамдар әртүрлі басылым түрлерін үнемі қадағалап, ұлттық және халықаралық әдебиеттердегі өзекті жаңалықтардан хабардар болуы керек. Бұл адамдар осы жұмыс ортасына ілесіп, жұмысын жүйелі және тәртіпті түрде жалғастыра білуі керек. Кітапхана ортасы материалы көп аймақтар болғандықтан, тәртіпті және жүйелі жұмыс өте маңызды. Кітапхана қызметкерлерінің жалақысы мекеменің ерекшеліктеріне және үміткердің біліктілігіне байланысты өзгеруі мүмкін.
«WWW.AQ-QARA.KZ»