Түркістан қаласындағы балабақшалардан 18 дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушылары қатысқан ойынға Е.Изатуллаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Даниярбек Ташметов, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімі Бахыт Мунсызбаев, Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бақдәулет Абдыхандар қазылық жасап, үздіктерді анықтады.
Ойын алдында қатысушыларға ойын ережесі таныстырылып, қатысушылар 4 топқа бөлініп жарысқа түсті. Ойын нәтижесі бойынша «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы У.Исраилов І орынға, «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Ф.Абдураимов ІІ орынға, №31 бастауыш мектеп-балабақша кешенінің дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Е.Қонақбаев және «Балапан» бөбекжай-бақшасының дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Г.Теміржанова ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бестемше ойыны – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл ойынның басты қасиеті – жеке тұлғаның сана сезімін жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын халқымыз жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген. Себебі, ойын баланы логикалық ойлауға үйретіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсуге бейімдейді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат