Дүйсенбі, 14 Қазан 2024 17:12

Түркістандық педагогтар жетісайлық әріптестерімен тәжірибе алмасты

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясындағы 2024-2025 оқу жылында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасын орындау мақсатында Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Түркістан қаласы білім бөлімінің әдіскерлері мен бір топ ұстаздары Жетісай ауданында болып, әріптестеріне өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Білім беруді дамыту орталығының» 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Заманауи білім беру жағдайында білім сапасын арттырудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбы аясында ұйымдастырылған шара Жетісай ауданындағы Алпамыс батыр атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп, Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп, М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектеп, №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы, М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясы, Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп, Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп, Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп, №7 «Тұран» мектеп-гимназиясы базаларында өткізіліп, әдістемелік күні аясында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, бастауыш сыныптар, мектепке дейінгі білім мен тәрбие, тарих, география, химия, биология, физика, математика пәндерінің мұғалімдері баяндамалар жасап, озат тәжірибелерін ортаға салды.

Заманауи білім беру жағдайында білім сапасын арттырудың теориясы мен тәжірибесін меңгеру, әр пән бойынша білім сапасын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізу, әдістемелік көмек беруді мақсат еткен әдістемелік күн барысында шебер сыныптар, оқыту, ақпараттық семинарлар, тренингтер, тәжірибелік сағаттар, коучингтер және жеке кеңестер жүргізілді. Әдістемелік күнге қатысқан пән әдіскерлері, директордың ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдері қатысты.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 54 рет