Сенбі, 12 Қазан 2024 19:29

Түркістанда балабақша бүлдіршіндері арасында «Өнерім саған – Қазақстан!» фестивалі өтті

25-қазан – Республика күні! Осы бір мерекелі күнді жоғары дәрежеде атап өту мақсатында қалалық білім бөлімі біршама іс-шараларды жоспарлап, іске асыруда. Солардың бірі – балабақша бүлдіршіндері арасында ұйымдастырылған «Өнерім саған – Қазақстан!» атты фестивалі болды.

Бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен ұйымдастырылған фестивальге Түркістандағы мектепке дейінгі ұйымдардың бүлдіршіндері қатысып, өнерлерімен тәнті етті. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық өнер құралдары арқылы халық шығармашылығының түрлерімен таныстыруға бағытталған фестивалдің нәтижесінде би жанр бойынша «Бөбек» бөбекжай-бақшасының «Томирис» би тобы, ән жанры бойынша «Балғын» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Айым Жүрербек, мәнерлеп оқу жанры бойынша «Балапан» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Рамазан Байжан және би жанры бойынша «Балдырған» бөбекжай-бақшасының «Жұлдызша» тобы І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушылар қалалық білім бөлімінің басшысы О.Ш.Қолдасованың атынан мақтау қағаздарына ие болды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 66 рет