«Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасына - 481 мекеме, яғни 35 пайызы қамтылған. Balabaqsha.sitcen.kz порталына қосу арқылы 2018 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, мектепке оқушыларды электронды қабылдау жүйесі бойынша ағымдағы жылдың шілде айынан бастап облыстағы 902 мектептің барлығы mektep.sitcen.kz порталы арқылы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау сынды қызметтер автоматтандырылды. Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарындағы мектептерінде қосылып, бүгінгі күні жүйе арқылы 54 751 оқушы электронды түрде 1-ші сыныпқа қабылданды», - деді Ардақ Мәдіханқызы.
Айта кетерлігі, жүйенің тиімділігі ата-ана мектепке бармай-ақ үйінде отырып қалаған мектебіне 1-ші сыныпқа қабылдауға өтініш беріп, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама ала алады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»