Іс-шараға Мирас университеті, Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Мардан Сапарбаев университеті, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жастары қатысты. Спикерлер командамен бірлесе жұмыс істеуді, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен тарихы туралы жаңа фактілерді ашып, өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсете алды.
ЭтноQuiz — бұл тек қызықты интеллектуалды жарыс қана емес, сондай-ақ Қазақстан халықтарының мәдени ерекшеліктерімен танысуға, этносаралық өзара түсіністікті нығайтуға және пікірлестермен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беретін маңызды кездесу болды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат