– «Бүгін – ерекше күн. Санаулы минуттардан кейін мектептерімізде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетпек. Бұл – тек бір оқу жылының аяқталуы ғана емес, балалықтың шуақты кезеңі мен болашаққа бастар үлкен жолдың тоғысар тұсы. Биыл Созақ ауданында 1-11 сыныптар аралығында 15 388 оқушы білім алды. Оның ішінде 79 оқушы – «Алтын белгіге», 70 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл – ұстаздарымыздың ерен еңбегі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі.», – деп атап өтті.
Салтанатты шара аясында білім саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар марапатталып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, ардагер ұстаздар мен мектептің 20 жылдық түлектері жүрекжарды лебіздерін білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі. Шара мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасып, соңғы қоңырау үнімен түйінделді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат