Семинар барысында «Тіл- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директорының кеңесшісі – Оразкүл Асанғазықызы «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғы шарттары» тақырыбында баяндама жасап, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинар барысында сөз алған Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры - Ағабекова Жазира Ағабекқызы латын әліпбиінің бекітілген мәтінін семинарға қатысушыларға толық ашып, қолданысқа ену кезеңдерін түсіндіріп өтті. Кезекті сөз алған Л.Н.Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы - Бекжан Әбдуалиұлы Қазақ халқы тілінің тарихына тоқталып, қазақтың ұл-қыздарының есімдерінің дұрыс жазылуы аясында әңгіме өрбітті.
Семинар пікір алмасумен жалғасып, келген қонақтарға аудан тұрғындары тарапынан семинар тақырыбына сай сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев келген қонақтарға өз атынан және аудан тұрғындары атынан алғыс айтып, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, семинар өткізуге ауданға арнайы ат басын бұрып келген қонақтар мен аудан тұрғындары ауданның қол өнер шеберлерінің көрмесін тамашалады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»