Жексенбі, 25 Қараша 2018 11:59

Түркістан облысы: тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Қарашаның 22 күні Түлкібас ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейде тарих пәні мұғалімдеріне «Тарих пәндерін өткізу процессіндегі әдістемелер, нұсқаулықтар» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: тарих пәндерін жүргізуде тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту бағытында үлгілі сабақ, шебер сынып және тренигтер өткізу арқылы педагог мамандардың білімдерін жан-жақты шыңдау.
Семинарды Түлкібас АББ-нің әдіскері Д. Уразбаев ашып, іс-шараның мақсаты мен міндеттерін айтып өтті.

Семинардың тәжірбиелік бөлімінде Абай атындағы МЛ тарих пәні мұғалімі Қойбеков Нұрбол 9 сыныппен «1931-1933 жылдардағы ашаршылық» тақырыбында үлгілі сабақ өтті. Екінші кезекте Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі, «педагог-шебер» санатты Е. Жолдыбаев пән мұғалімдерімен «Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау» тақырыбында шебер сынып өтті. Келесі кезекте Б. Садықов атындағы ЖОМ тарих пәні мұғалімі М. Турсынбаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша бағалауға арналған (БЖБ мен ТЖБ) тапсырмаларды әзірлеу бойынша тренинг өткізді. Семинар бағдарламасы бойынша келесі кезекте Т. Рысқұлов атындағы тарих пәні мұғалімдер Қамқа Тараханова мен Есполова Айгерім екеуінің бірлескен «Ғылыми жобаны жүргізу барысындағы кері байланыс пен рефлексияның маңыздылығы» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг барысында Т. Рысқұлов жалпы орта мектебі 5 сынып оқушысы Аисет Парасаттың «Қазақтың салт-дәстүрі: Көрісу» тақырыбындағы ғылыми ізденіс жұмысының презентациясы көрсетілді. Келесі кезекте Т. Иманбеков атындағы тарих пәні мұғалімі Б. Мамбетов «Өлкетану курсын жүргіу мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндаманың жалғасы ретінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2017 жылғы 10 тамыздағы «Жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану» курсының оқу бағдарламасына» сәйкес «Өлкетану курсын жүргізу» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері Даулетқали Уразбаев шебер сынып өткізді. Семинардың қортынды бөлімінде өткізілген сабақ, шебер сынып, тренингтерге қортынды жасалып, ұсыныстар берілді. АББ-нің әдістемелік кабинеті меңгерушісі Болат Қилыбаев білімге қойылатын жаңа талаптардың орындалуын іске асыруда жаңа бағыттарды айқындап, міндеттер белгіледі.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1230 рет