Жиырма бір оқу бөлмесінің барлығы да қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қазір мұнда 1700-ден астам өрен білім алып жатыр. Жаңа мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та қатысты. Аймақ басшысы шәкірттермен тілдесіп, оларды жақсы оқып, еліміздің үлгілі азаматтары болуға шақырды. Бұған дейін ескі мектепте үш ауысымда білім алып келген ауыл балалары заман талабына сай еңселі ғимаратқа көшкендеріне дән риза. Білім бөлімі басшыларының айтуынша, осы мектептің ашылуымен аудандағы үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешімін тапқан.
«Бұрын ескі мектепте оқыдық. Онда үш ауысымда оқитынбыз. Бала саны өте көп болды. Мектепке көшкенімізге өте қуаныштымыз, себебі, бұл мектепте бізге керекті заттардың барлығы бар. Құрал-жабдықтардың бәрі көз алымызда тұр. Қуанып жатырмыз, үлкен рахмет айтамыз осы мектепті бізге салып бергені үшін» дейді оқушылар.
Ал Жетісай аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тұрсын Мырзалиев «Жылдың соңына дейін тағы №114 жалпы орта мектебіміз жаңа ғимаратқа көшкелі отыр. Келесі жылға тағы да үш мектептің құрылысы жүргізіледі. Жалпы, 2020 жылға қарай ауданда барлық мектеп типтік ғимараттарға көшеді» деп отыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.