Жексенбі, 23 Маусым 2019 17:32

Сарыағаш ауданында «Балдәурен» лагерінің 2-ші маусымы ашылды

Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Сарыағаш өңірінде балалардың демалысы қызықты өту үшін барлық жағдай жасалған. 2019 жылдың 21 маусым күні «Балдәурен» жазғы лагерінің ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты кеш еліміздің әнұранымен басталды. Салтанатты кешті аудандық білім бөлімінің қызметкері Б.Бабатаев және сауықтыру орталығының директоры Ерсін мырза өздерінің балаларға деген ыстық лебіздерін жеткізе отырып ашып берді. Балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Барлық өнерлерін көрсете білген балалар директор тарапынан марапатталды.

Осы жылы жалпы 2000 баланы жазғы лагерге қатыстыру жоспарлануда. Сарыағаш ауданы бойынша көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына «Балдаурен» лагеріне 270 тегін жолдама ұйымдастырылған. Биылғы жылы балалар 5 маусымда демалатын болады. Екінші маусымда 400 бала жазғы демалысын өткізуде. Барлық 5 маусымда 27 қызметкер және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қызмет атқарады.

Балалар сауықтыру орталығының күнделікті өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес демалады. Балалар күнделікті 5 мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған. Таңертең таңғы жаттығулар жасап, тәлімгерлер көмегімен әртүрлі ойындарға, үйірмелерге қатысады. Әртүрлі байқаулар, спорттық жарыстар, кешкісін балаларға арналған би кештері ұйымдастырылады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 1160 рет