Ауданда халық санының өсуіне және білім алуға жоғары жағдай жасау мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, 2018 жылы аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп лицейі, Құлан ауылындағы А.Гайдар ЖОМ, Жаскешу ауылындағы С.Сейфулин ЖОМ, Балықты ауылындағы А.Рыбалко ЖОМ күрделі жөндеуден өтсе, Азаттық ауылынан 600 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, нысан 2019 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар аудан орталығындағы Пушкин ЖОМ 250 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Шақпақ баба ауылындағы С.Бреусов атындағы 200 орындық мектеп құрылысы, Түлкібас кентіндегі П.Шевцов атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Сеславино ауылындағы Сеславино мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылыстарына облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, іске асып жатыр.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.