Сейсенбі, 16 Шілде 2019 16:43

Түркістан облысында мектепке жол акциясы басталды

Бұл туралы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.М. Садықова мәлімдеді.

2019-2020 оқу жылында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл шілде айынан басталып отыр. Акцияның мақсаты- аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болып табылады.

Өткен 2018-2019 оқу жылында акция барысында облыс бойынша 25509 аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалпы 201 млн 456 мың 101 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Оның ішінде 3807 балаға бюджет қаражаты есебінен- 483 251 теңгеге, қалған 21702 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен – 200 млн 972 мың 850 теңгеге материалдық көмек көрсетілген. Биыл шілденің басынан басталған акция, қыркүйек айының соңында аяқталмақ.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 954 рет