Бейсенбі, 08 Тамыз 2019 17:39

Түркістан облысының көп балалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 1345 білім гранты бөлінді

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферт арқылы көп балалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары үшін 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған 1345 білім гранты бөлінді.

Оның ішінде 496 - педагогикалық, 40 - жалпы медицина, 30 - педиатрия, 30 - дінтану және теология, 25 - тарих және археология, 30 - биология және сабақтастық ғылымдар, 25 - математика және статистика, 43 - ақпараттық технологиялар, 20 - коммуникациялар және коомуникациялық технологиялар, 36 - электр техникасы және автоматтандыру, 110 - өсімдік шаруашылығы, 40 - мал шаруашылығы, 40 - орман шаруашылығы, 10 - қоршаған орта, 40 - балық шаруашылығы, 18 - жерге орналастыру (агроинженерия), 40 - су ресурстары және суды пайдалану, 50 - азық-түлік өнімдерінің өндірісі, 50 - ветеренария, 70 - туризм, 25 - сәулет, 40 - қала құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс, 12- сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны, 25 - қаржы, экономика мамандықтары.

Бұл гранттар аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып білім беру бағдарламалары топтары арасынан бөлінді. Айта кетейік, 2019 жылғы 05-10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарында құжат қабылдау жүргізілуде. Білім гранттарын беру – 15 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі. Жоғары оқу орындарына төмендегі құжаттар тапсырылады: 1. белгіленген бланкіде өтініш; 2. білім туралы құжаты (түпнұсқасы); 3. ҰБТ сертификаты; 4. 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама; 5.Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі; 6. Көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжат;Қосымша сұрақтар бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына хабарласуға болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 736 рет