Сенбі, 19 Қазан 2019 22:09

Шымкенттік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған семинар өтті

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкентте журналистер қауымы мен әлеуметтік желі белсенділері ерекше семинар-тимбилдингте білімдерін шыңдады. Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен тау баурайында «Мегаполистегі ақпараттың рөлі» тақырыбындағы семинар өтті.

Басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева ашқан семинардың бірінші бөлімінде «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медиа және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі, медиатренер Асхат Еркімбай дата журналистикасындағы ашық деректермен жергілікті оқиғаны баяндау жолдарын түсіндірді. Топтық ойындар ұйымдастырылғанын да айта кетейік.

Ал екінші бөлімде IT аналитик, медиа тренер, SMM эксперт Тимур Бектұр әлеуметтік желіні дамытудың стратегиясы мен акаунттан бренд жасау тәсілін үйретті. Сондай-ақ, белгілі журналист Қанат Жүнісбеков те тәжірибесімен бөлісті.Жиын соңында Шымкент каласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысушыларға сертификат табыстап, шығармашылық табыс тіледі.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 711 рет